• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:43:43
Алматы
+35°

Өткен жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы ел экономикасын арттыруға, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын жақсартуға қатысты бірқатар жаңа міндеттер жүктегені белгілі. Осы орайда Жамбыл облысы Қордай ауданыда мемлекеттік бағдарламалар аясында жыл басынан бері атқарылған жұмыстар аз емес деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Биылғы жылы облыс әкімі мен аудан әкімі арасында 27 индикатор, облыстық басқармалар мен аудан әкімі арасында 113 индикатор және аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдері арасында 19 индикатор бойынша меморандум бектілген. Қазіргі таңда барлық индикаторлар бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылып, орындалуы тұрақты бақылауға алынған.

Нәтижесінде Қордай ауданы бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарымен 6999,9 (7750) млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 104,9% құраған. Сондай-ақ жаңадан бірқатар кәсіпорындаріске қосылған.

Атап айтсақ, «Каздорстрой» ЖШС-нің Отар - Ұзынағаш жол құрылысына 1426,8 млн. теңгеге 82,2 мың метр куб бетон және 4,2 мың метр куб құм шағал өндіру жоспарлануда. Өткен жылы кәсіпорынның өнім өндірісі болмаған.

Екіншісі «Отау Құрылыс» ЖШС-нің Аухатты-Байтерек жол құрылысына 127,8 млн. теңгеге 9844 тонна асфалть өндіру жоспарлануда. Былтыр бұл кәсіпорынның да өнім өндірісі болмаған.

«Азия Ирбис» ЖШС-гі 56,2 млн. теңгеге 270 тонна боя өндіру жоспарлауда. Өткен жылы кәсіпорын өнім өндірген жоқ.

«Гринвилл» ЖШС болса, өткен жылы өнім шығармағандықтан биыл 4 млн. теңгеге 2,1 тонна салат жапырақтарын және 2 тонна балық өндіруді көздеуде.

«Қордай құс» ЖШС-нің 225 млн. теңгеге 9000 мың дана тауық жұмыртқасын өндірмек. Өткен жылы кәсіпорынның өнім өндірісі болмаған.

Қуаттылығын арттыруды жоспарлаған кәсіпорындарға келсек,

«МК Инвест» ЖШС-гі жол құрылысына 98 млн. теңгеге 10000 тонна асфалть өндіру жоспарлауда. Өткен жылмен салысытырғанда өнім 109,9 пайызды құрайды.

«Қордай Агротех» ЖШС болса, 154 млн. теңгеге 12694 мың метр тамшылатып суғару қондырғыларына шлангілер өндіру жоспарлаған. өткен жылмен салысытырғанда өнім 107,6 пайызға жетпек.

«МВТ» ЖШС-гі 52,2 млн. теңгеге 73 мың тонна әктас өндіруді көздеп отыр. Өткен жылмен салысытырғанда өнім өндірісі 118,5 пайыз.

«Тас Алга» ЖШС болса, 160,3 млн. теңгеге 121,3 мың метр куб тас шағал өндіруді мақсат тұтып, өнім көлемін 4 есеге арттырмақ.

Осылайша Қордай ауданы өндіріс саласын өрістетуге қарышты қадам жасап отыр. Бұл өлкенің ғана емес тұтас облыстың экономикасына үлкен серпін екені анық.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір