• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:59:40
Алматы
+35°

Елбасы 2020 жылға дейін бұқаралық спортты жанына серік еткендердің үлесін 30 пайызға жеткізуді міндеттегені белгілі. Осыған орай Жамбыл облысында тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға айрықша көңіл бөлінуде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Атап айтсақ, 2019 жылы Шу ауданы бойынша 207 спорт нысаны анықталды. Оның ішінде 1 спорт кешені, 2 стадион, 61 спорт зал (49 типтік, 12 орнатылған), 71 футбол алаңы, 72 спорт алаңшасы (32 футбол, 13 волейбол, 11 баскетбол, 3 құрамдастырылған, 13 гимнастикалық) бар.

2019 жылдың жеті айында Шу ауданы бойынша спортпен шұғылданушылар көрсеткіші 29,9 %, яғни 30502 адамды құрады. Оның ішінде, 5714 адам 14 жасқа дейінгілер, 14139 адам 14-29 жас аралығындағы жастар және 10649 адам 29 жастан асқан азаматтар.

7-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жеткіншектердің БЖСМ және дене дайындығы спорт клубтарында дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануышылар 2019 жылға Шу ауданы бойынша бұл көрсеткіш 15,1% яғни 2751 адамды құрайды.

Спорт мектептерінде 2019 жылдың жеті айында 1939 шұғылданушы оқушылар тіркелген.

Аудан бойынша жалпы білім беру мекемелерінде 15 спорт түрі бойынша 477 үйірмелер жұмыс істейді. Бұл үйірмелерге 8639 оқушы қамтылған.

Шу ауданы бойынша 2019 жылдың басынан барлығы 62 спорттық іс-шара өткізілді және осы іс-шараларға 14512 адам қамтылса, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің тікелей ұйымдастыруымен бүгінгі күнге дейін 48 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 9141 адам қамтылған.

Қоғамдық тәртіп, жол қозғалысы қауіпсіздігі де елді мекенде жіті назарда.

2019 жылдың жеті айында жалпы әр түрлі 285 қылмыстық істер тіркеліп (2018 ж.–275), өткен жылға қарағанда қылмыс 3,6%-ға жоғары. Оның ішінде жалпы ауыр және аса ауыр 55 қылмыстық істер тіркеліп, өткен жылғыдан 41% өскен(2018 ж. -39).

Қылмыстық істердің ашылу деңгейі 66,5% құрап отыр (2018 ж. – 65,9%) 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9% жоғары. Биылғы жылы жасалған қылмыстардың ішінде тонау - 2 (2018 ж. - 3), бұзақылық - 0(2018 ж. - 1), мал ұрлау - 4 (2018 ж. - 0).

Есепті кезеңде аудан көлемінде 76 жол көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 9 адам қаза болып, 102 адам дене жарақатын алған.

2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жол көлік оқиғасы 26,6% жоғары, кісі өлімі 7 адам. Дене жарақатын алғандар 14,6 пайызға жоғары,

(2018 жыл–60 жол көлік оқиғаларында 7 адам қайтыс болған, 89 адам дене жарақатын алған).

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір