• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:33:13
Алматы
+35°

Ел экономикасын алға ілгерілетуде құрылыс – монтаж жұмыстарының алар орны ерек. Оған қоса Елбасы да жер-жерлерді ең алдымен инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп барып, халықты қоныстандыруды баса айтып келді. Бұл бастама бүгінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарапынан жалғау тауып, Жамбыл жерінде тетігін табуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Атап айтсақ, Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылындағы Көктөбе жаңа тұрғын алқабына (электр қуатымен, газбен, сумен қамтамасыз ету және автомобиль жолдары) инфрақұрылым нысандарының құрылысы (сметалық құны – 612 000,0 мың теңге) бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, нәтижесінде «Талас-Құрылыс» ЖШС-гі жеңімпаз болып анықталған. Қыркүйек айының 14-і күні «Талас-Құрылыс» ЖШС-мен жалпы сомасы 404 320,0 мың теңгені құрайтын №51 санды келісім шарт рәсімделіп, жұмыс басталған. 2018 жылға құрылыс-монтаж жұмыстарына қарастырылған 178 571,4 мың теңге толық игерілді. Сәуір айынан бастап, жұмыстың ІІ кезеңі басталып 168 659,0 мың теңге қаржысы игерілді. Жұмыстардың сапалы әрі жобаға сәйкес орындалуы бөлім мен «Технадзор-2015» ЖШС-гі қызметкерлері және жоба авторы – «Казремжилпроект» ЖШС-нің жоба инжеренері арқылы ұдайы бақылануда.

Қошмамбетов мектебіне қосымша спортзал (қазандығымен бірге) құрылысы (135 839,0 мың теңге) «Экспертиза ПРО» ЖШС-гі арқылы сараптамадан өтіп, құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алудың ашық конкурсының нәтижесіне сәйкес «Тараз Құрылыс-Инвест» ЖШС-гі жеңімпаз болып табылды. Жұмыстар мамыр айының ІІ жартысында басталып 39 345,3 мың теңге қаржысы игерілді.

Осылайша жуалылықтар құрылыс-монтаж жұмыстарына жіті көңіл бөліп, елді мекеннің еңсесін тіктеуде. Мұндай баянды бастамалар бүгінде Жамбыл облысына қарасты өзге аудандарда да жалғасын табуда. Тіпті облыс орталығынан шалғай жатқан Мойынқұм ауданына қарасты Мыңарал, Қашқантеңіз, Қияқты сынды ауылдарда да құрылыс-монтаж жұмыстарына айрықша маңыздылық берілуде. Бұл жергілікті биліктің жұртшылыққа жасап жатқан қолдауы мен қамқорлығы екені даусыз. ҚР Тұңғыш Президентті Нұрсұлтан Назарбаевттың Жолдауларының көздеген түпкі мақсаты да осы. Әлеуметтің әлеуетін арттыру. Бұл тұрғыда Жамбыл облысы көштен қалып жатқан жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір