• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:27:36
Алматы
+35°

Жамбыл облысының өндірістік әлеуетін бүгінде төрткүл әлем танитыны белгілі. «Қазфосфат», «Ақбақай», «Хантау», «Мыңарал» сынды кәсіпорындарының шығарған өнімдері Орта Азия мемлекеттеріне ғана емес, теңіз асып, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктеріне де жетуде. Бұл сөз жоқ Әулиеатаның экспорттық әлеуетін артырып жатқаны анық деп жазады  Qamshy.kz ақпарат агенттігі

Өңір өндірісіне Жуалы ауданы да өлшеусіз үлес қосуда.

Жуалы ауданында бірқатар өндіріс ошақтары жұмыс жасап, нәтижесінде өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында 4 472,2 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, (2018 жылы 2 860,1 млн. теңге) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 103,8 пайызды құрады. Облыс бойынша 2-ші орында.

2019 жылдың 1 шілдесіне аудан көлемінде статистикалық деректерге сәйкес 4 466 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 3 орта, 160 шағын кәсіпорындар (заңды тұлғалар), 1979 жеке кәсіпкерлер және 2324 шаруа қожалықтар. Осы шаруашылық субъектілерінде барлығы 8 908 адам жұмыс атқаратын болса, соның ішінде 128 адам орта кәсіпорындарда, 692 адам шағын кәсіпорындарда, жеке кәсіпкерлікте 1678 адам, шаруа қожалықтарында 6410 адам жұмыс жасайды. 2019 жылдың алты айында аудандағы кәсіпкерлік субъектілері бюджетке 114 млн. 133,4 мың теңге салық түсірілді. Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 4177-і, немесе 93,5 пайызы жұмыс істеуде.

Аудан бойынша 2019 жылдың қаңтар – маусым айларында 1 411,7 млн. теңгенің (2018 жылдың 6 айында 1 271,9 млн теңге) бөлшек саудасы жасалып, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 4,9 пайызға артып отыр. Облыс бойынша 10-шы орында орналасты.

Ал Жуалы ауданының ен негізгі күші – «Бурное солар» күн электр станциясы екені белгілі. Баламалы электр энергиясын қолдануға бүкіл әлем жанталасып жатқанда, Жуалы жерінен осындай алып кешен бой көтеріп отыр. Мамандардың байламы бойынша мұндай күн электр станциясы Орта Азия елдерінде жоқ көрінеді. Яғни, елімізде баламасы жоқ өндіріс орны Азия құрлығын да қайран қалдыруда. Қазіргі таңда «Бурное солар» күн электр станциясының екі кезеңдік жұмыстары аяқталды. Ал толықтай қуатты күшіне шыққанда баламы күн электр кезеңінің жаңа дәуірі басталғалы тұр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір