• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:15:01
Алматы
+35°

Міне, санаулы күндерден кейін еліміздегі барлық мектептерде «Алғашқы қоңырау» соғылып, жаңа оқу жылы басталады. Бұл тұрғыда балаларды мектепке дайындау да қалтаға әжептеуір салмақ салатындығы айтпаса да түсінікті. Әсіресе, көпбалалы және тұрмысы төмен обасылар үшін оңай соқпайды. Осы орайда «Мектепке жол» акциясының тигізер көмегі көп. Бұл іске жамбылдықтар да айрықша атсалысып, өзіндік үлестерін қосуда.

Қалыптасқан дәстүр бойынша аталмыш акция 1 шілдеден «Мектепке жол» бастау алып, балаларға қуаныш сыйлайды. Бұл үрдіс біздің Жамбыл облысында да лайықты жалғасын тауып, мұқтаж отбасыларға көп көмегін тигізуде. Осы орайда арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, облыс әкімдігі тарапынан бекітілген.

Облыс әкімдігі білім басқармасы берген мәліметке сүйенсек, акция аясында биылғы 1 шілде – 15 тамыз аралығында облыс бойынша 1129 рейдтік іс-шара жүргізілген.

– Рейдтік іс-шараларға білім беру және балалардың құқығын қорғау ұйымдарының, азаматтық қоғам институттарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, полиция бөлімінің қызметкерлері, халықты әлеуметтік қорғау саласының мамандары, ата-аналар, барлығы 1689 тұлға қатысты. Акция аясында 2019 жылғы 1 шілде – 15 тамыз аралығында барлығы 18 577 балаға 210 миллион 665 мың теңге, оның ішінде 17 592 балаға 197 миллион 869 мың теңге жергілікті бюджет есебінен, ал 985 балаға 12 миллион 795 мың теңге демеушілер есебінен материалдық көмек көрсетілді. Бүгінгі күнге көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың саны 28230 құрайды, – дейді облыстық білім басқармасының бас маманы Гаухар Байтелиева.

Жалпы, өткен жылы «Мектепке жол» акциясы барысында 32 106 көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 324 миллион 752 мың теңгеге материалдық көмек көрсетіліпті. Енді алдағы уақытта өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек. Айта кетерлігі, білім басқармасында жыл бойы азаматтардың өтініштері бойынша жедел шара қолдану мақсатында байланыс телефондары қызмет етеді. Аталған шара туралы білгісі келген азаматтар 43-88-32, 43-88-42, 43-88-41 телефондары арқылы көкейіндегі сұрақтарына жауап таба алады. Осындай байланыс телефондары барлық білім бөлімдерінде де қызмет етеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір