• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:30:46
Алматы
+35°

Мұрағат деректерінде Жамбыл облысының оқу ағарту саласы үшін 1962-1963 оқу жылының барынша жаңалыққа тол болғанын байқауға болады. Өйткені дәл осы уақытта сол кездегі Жамбыл қаласындағы алғашқы оқу орны есігін айқара ашты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

1962 жылдың күзінде Жамбыл қаласындағы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтының гидромелиоративтік факультетінің негізінде Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты ашылды. Өз кезегінде облыстағы бұл алғашқы жоғары оқу орны өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, гидромелиорация, гидротехникалық құрылымдар және су электр стансалары құрылысы, сумен қамтамасыз ету және канализация мамандықтары бойынша күндізгі және сырттай оқыту түрлері бойынша мамандар дайындады. Институттың алғашқы ректоры техника ғылымдарының докторы, Қазақ ССР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, Қазақ ССР-на еңбегі сіңген гидротехник Рахмет Жолаев болды.

Гидротехника ғылымы саласында белгілі ғалым Рахмет Жанғазыұлы өзі іргетасын қалаған жоғары оқу орнын 1973 жылға дейін жемісті басқарды. Ал 1973 жылдан бастап оқу орнының тізгінін сол кездегі Қазақстандағы институттар мен университеттері арасындағы ең жас ректоры болған Марс Үркімбаев қолға алды. Марс Фазылұлының басшылыққа келуімен оқу орнында жаңа мамандықтар пайда болып, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми әлеуеті артты. Сондай-ақ институттың күнделікті қоғамдық өмірінде спортқа баса мән беріліп, жаңа спорттық секциялар ашылды. Студенттер мен оқытушыларды жатақханамен қамту ісі де оң шешімін тапты.

Алғаш ашылған күннен бастап Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты тұтас Кеңес одағындағы су шаруашылығы саласы үшін маман даярлау ісімен айналысты. Сол кезеңде гидртехниктерді даярлайтын мұндай құрылым Кеңес одағы аумағында екі-ақ қалада болды

Арада 30 жылға жуық уақыт өткен соң институт 1958 жылдан облыс орталығында Қазақ химия технология институтының филиалы ретінде жұмыс жасап, 1963 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институтына айналған оқу орнымен бас құрап, қазіргі М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің негізін салды. Бүгінде аталған оқу орнында білім алған студенттердің кейбірі үлкен мемлекеттік қызметтерде мінсіз жұмыс жасауда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір