• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 09:22:09
Алматы
+35°

Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Keleshekke – kemel bilimmen» атты облыстық Тамыз кеңесі өтуде. Жиында өткен оқу жылына шолу жасалып, жаңа оқу жылындағы мақсаттар мен жоспарлар нақтыланбақ деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы, облыста білім беру жүйесін дамытуға ерекше назар аударылуда. Биыл білім жүйесін қаржыландыруға 130 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,2 млрд. теңгеге артық (2017 жылы – 107,8 млрд. тг.). Оның 5,1 млрд. теңгесі білім беру нысандарының құрылысы мен күрделі жөндеуге қаралған.

Облыста білім саласы жаңа оқу жылында бірнеше жаңалықтармен ерекшеленбек. Атап айтқанда мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың саны 545-ке жетті. Онда 55207 бала тәрбиеленуде. Өңірде мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 3-6 жас аралығында 98,6%-ға артса, жыл соңына дейін 100%-ға қамтылады.

Жалпы, өткен оқу жылы жемісті болды. Мектеп бітірген 8813 түлектің 317-і «Алтын белгі» төс белгісіне, ал 242 оқушы «Үздік» аттестатқа ие болды. Түлектердің 65,4 пайызға жуығы жоғарғы оқу орындарында оқуға мемлекеттік грант жеңіп алды.

Облыс оқушылары халықаралық, дүниежүзілік, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстарда132 медальдарды иеленсе (2018 ж. - 123), шығармашылық байқауларда 2967 жүлделі орындарды, түрлі спорт жарыстарында 238 медаль жеңіп алды.

Республикалық «Ұлттық мектеп лигасында» жамбылдық оқушылар жалпы командалық есепте І орынға ие болды.

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда мұғалімнің еңбегі зор. Облыста 1232 педагог республикалық, халықаралық байқаулар мен қашықтық олимпиадаларында жеңімпаз атанды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір