• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:34:49
Алматы
+35°

Ақтауда ұстаздардың басын қосқан «Келешекке  – кемел біліммен!» тақырыбында облыстық тамыз конференциясының пленарлық отырысы өтті.

Конференцияға облыс әкімі С. Трұмов, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы, депутаттар, ҚРБжҒМ, «НЗМ» ДББҰ, ПШО филиалының өкілдері, облыстық басқарма басшылары, аудан мен қала әкімдері мен орынбасарлары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, облыс педагогтары, білім беру ұйымдарының басшылары,  ардагер ұстаздар, үкіметтік емес ұйымдар және қамқоршылық кеңестер өкілдерінен құралған барлығы 450 адам жиналды.

Жиын барысында облыс әкімі С. Трұмов ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтап, білім саласында алға қойылған міндеттер туралы баяндап, оларды шешу бойынша нақты тапсырмалар берді. m

Облыстық білім басқармасының басшысы А. Сейдалиев білім саласын дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстар бойынша баяндамасын жасап, жаңа оқу жылындағы жаңашылдықтармен таныстырды. Басты жаңалықтар үстіміздегі жылы «Педагог мәртебесі» туралы Заңның қабылдануы және 2025 жылдарға арналған білім беруді және ғылымды дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасының бекітілуі.

Бұдан басқа жиында білім саласының барлық деңгейлерін дамыту барысындағы баяндамалармен ҚР БҒМ өкілінің, МДҰ, орта және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, Назарбаев зияткерлік мектебінің,«Білім-инновация» қорының өкілі сөз сөйледі.

Жиын барысында, білімді дамытудағы қосқан үлестері үшін бірқатар педагогтар «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы. Алтынсарин» төсбелгілерімен, ҚР Білім және ғылым министрінің және облыс әкімінің  алғыс,  құрмет грамоталарымен марапатталды.

Сонымен қатар, жыл сайынғы «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының жеңімпазы атанған үш мектепке қаржылық сертификаттар табысталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір