• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:13:32
Алматы
+35°

29 Тамыз, 2019 NEWS

Енді кез келген ата-ана вице-министрлерге тікелей шыға алады

"Тұрғындар үшін қолжетімді болу – басшының ең басты міндеттерінің бірі"

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің фейсбуктағы парақшасында білім беру саласындағы кез келген мәселе бойынша ата-аналар бұдан былай ведомсвоның лауазымды тұлғаларына әлеуметтік желі арқылы шыға алатынын айтты, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, халықпен тиімді жұмыс жүргізуді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев "еститін мемлекет" тұжырымдамасына көшу қажеттігін ерекше атап өткен болатын.

Шын мәнінде, тұрғындар үшін қолжетімді болу – басшының ең басты міндеттерінің бірі болып саналады. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізі – мемлекеттік орган мен басшының ашықтығын қамтамасыз ету деп айтсақ, бүгінгі таңда аталған бағытта айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде.

☝?Біріншіден, бүгінде қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша азаматтардың пікірі ескеріліп, оңтайлы шешімдер қабылдануда. Осы ретте, ашықтық қағидаты шеңберінде ҚР БҒМ-нің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына https://www.facebook.com/edugovrk немесе министрліктің қызметкерлеріне білім және ғылым саласына қатысты тікелей сауал жолдауға болады. 

Білім және ғылым вице-министрлерінің Фейсбуктегі парақшалары да Сіздер үшін әрдайым ашық және қолжетімді. 
Жақыпова Фатима Надырқызы – білім және ғылым вице-министрі https://www.facebook.com/profile.php?id=100005176186537
Асылова Бибігүл Амангелдіқызы – білім және ғылым вице-министрі https://www.facebook.com/profile.php?id=100003382555676
Биғари Рүстем Айдарбекұлы – білім және ғылым вице-министрі https://www.facebook.com/rbigarin

☝?Екіншіден, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде (87172) 742411 нөмірі бойынша call-орталық халыққа қызмет көрсетеді. 
Сонымен қатар, өңірлердегі білім басқармалары басшыларының Facebook-тегі аккаунттары мен білім басқармаларының call-орталықтары да тұрғындар үшін қолжетімді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=10214261398105122&id=1120704037

☝?Үшіншіден, жұмыстың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында жуырда ҚР БҒМ-не қарасты фронт-офис іске қосылатын болады. Көзделген басты мақсат – білім саласына қатысты келіп түсетін сұрақтарға мардымды жауаптар қайтарып, күрмеуі қиын мәселелердің шешілуіне үлес қосу.

☝?Төртіншіден, өңірлердегі білім беру басқармаларына БАҚ тарапынан келіп түсетін сауалдарға уақытылы жауап беріп, білім беру тақырыбын кеңінен жариялайтын баспасөз қызметін құру тапсырылды.

Жалпы көздеген мақсатымыз – халыққа қызмет көрсету барысында жеке және әкімшілік кедергілерді жою. Себебі, азаматтарға ыңғайлы жағдай жасау және ашық жұмыс жүргізу өте маңызды" – деп жазды министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір