• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Қыркүйек, 10:22:29
Шашырап жүрген қазақты бүгін көшіріп алмасақ, ертең жоғалтып алуымыз мүмкін

30 Тамыз, 2019 NEWS

Атырауда Конституция күніне орай салтанатты жиын өтті

ҚР Конституция күніне орай Жастар мәдениет сарайында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен салтанатты шара өтті, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиында аймақ басшысы құттықтау лебізін білдіріп, өңірде атқарылып жатқан ауқымды істер туралы айтты. Сонымен қатар, ел дамуына үлес қосып, аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға ыстық ықылас танытып, алғыс хаттар мен мерекелік төсбелгілерін табыстады.

–  Ардақты ағайын, баршаңызды 30 тамыз – еліміздің ұлық мерекесі Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы даланың жазылмаған заңдарымен бірге Майқы би, Төле би, Қазыбек билердің қара қылды қақ жарған шешімдерімен бірге Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы, Әз Тәукенің жеті жарғысы сан ғасырлар бойы ұлы даланы мекендеген халқымыз үшін шамшырақ іспеттес болып, ел арасындағы тұрақтылық пен дамудың кепілі болды. 1995 жылы қабылданған қазіргі қолданыстағы Конституциямыз бұл – заңнамалық норма немесе ережелер жинағы ғана емес қоғамдағы барлық қарым-қатынастарды реттейтін заңдардан бастау алатын Ата Заңымыз! Бүгінде Конституциямызға сүйене отырып, елдің дамуы үшін аянбай тер төгіп жүрген азаматтарымыз аз емес, – деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік, мерекелік шара Н.Жантөрин атындағы облыстық филормонияның "Нарын" оркестрі мен танымал талант иелерінің концертіне ұласты.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір