• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:05:30
Алматы
+35°

Құранды орыс тіліне аударған аса танымал ресейлік кәсіби аудармашы Валерия Порохова қайтыс болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл қаралы хабарды алғашқылардың бірі болып, Расул Тавдиряков есімді блогер Facebook желісінде жеткізді деп жазады.

"Имам Валерия Порохова қайтыс болды. Ресейлік кәсіби аудармашы-синхронист және мұсылман қоғам қайраткері. Ол 12 басылым болып шыққан Құранды орыс тіліне аударып, үлкен танымалдылыққа ие болған еді" , - деп жазды Тавридяков парақшасында.

Қаралы хабарды естіген желі қолданушылары қайғыға ортақтаса, марқұмның отбасына көңіл айтты.

Ақпарат көздеріне сүйенсек, Пороховамен қоштасу 4 қыркүйек күні Мәскеудің Собор мешітінде бесін намазынан кейін өтеді. Марқұмды Мәскеудегі мұсылман зиратына жерлейді. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір