• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:52:21
Алматы
+35°

«Мектепке жол» республикалық акциясы соңғы бесжылдықтың бедерінде ең ауқымды акциялардың бірі болғаны даусыз. Жаңа оқу жылы маусымында жоба арқылы талай бала қуанышқа кенелуде. Бұл бағыттағы жұмыстар Жамбыл облысында да көпке үлгі боларлық деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл бастамаға бүгінде өңірде этомәдени бірлестіктер де айрықша үлес қосуда. Осы орайда Тараза қаласындағы «Достық үйінде» ұйғыр этносының бірінші сынып оқушылары «Жамбыл облысы бойынша Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі және аталған іс-шараның ұйымдастырушысы Мухабат Турдыева ханыммен кездесті.

Мухабат Абдрахманқызы балалар мен олардың ата-аналарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады:

- «Бүлдіршіндер, сіздер үшін "мектеп"атты жаңа жол ашылғалы тұр. Сіз үшін бұл жол қызыққа және тағылымға толы болсын. Сіздер тек қана жақсы бағалармен ғана емес, сонымен қатар ұқыптылықтарыңызбен мына біздерді қуантады деп сенемін! Ақ жол тілеймін сіздерге!, -деді М.Турдыева.

Одан әрі оқушыларға «Достық үйі» ғимаратының ішінде және Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің мұражайы бойынша танымдық экскурсия жүргізілді. Мұхабат Абдрахманқызы балаларға олардың мәдени мұрасы мен ондағы экспонаттары туралы толық айтып берді. Балалар айтылған әңгімелерге үлкен қызығушылық танытып, сұрақтарын қойды.

Кездесу соңында балаларға алғыс хат пен мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмке табыс етілді. Айта кету керек, Мухабат Абдрахманқызы үшін бұл дәстүрге енді. Жыл сайын ол бірінші сынып оқушыларын сыйлықтармен мектеп атты кемеге шығарып салады.

Осылайша этномәдени бірлестіктер «Мектепке жол» акциясына өзіндік үндерін қосуда.

Бұл әрине көпке үлгі боларлық дүние. Тағы бір айта кетерлігі, бүгінде жамбыл облысындағы этомәдени бірлестіктер түрлі қайырымдылық шараларға да ұйытқы болуда. Оның қатарында жалынды жастар да мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы отбасыларға метриалдық және рухани қамқорлық көрсетуде. Сондай-ақ әр этномәдени бірлестік айтулы мерекелерде балғындарға түрлі мезіреттен тарту жасауда. Бұл да болса Әулиеатадағы ұлттар мен ұлыстардың татулығын танытып тұрғаны анық.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір