• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:33:12
Алматы
+35°

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын іске асыруда Жамбыл облысынан 8 адам жеңімпаз атанған болатын. Соның бірі, әрі бірегейі Сейдазимов Сембек Әбетайұлы еді. Осыған орай, Тараз қаласының «Достық» үйінде «Ақпарат толқыны» алаңшасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктер жастарының «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, меценат, облыстың қоғам қайраткері – Сембек Әбетайұлымен кездесу өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Іс-шараның модераторы Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығының баспасөз-хатшысы Бибігүл Утепова кеш қонағымен кездесуді белсенді жастарды жұмылдыра сұхбат түрінде өткізіп отырды.

Өткізілген іс-шараның мақсаты ұлттық құндылықтарды сақтау, жас қазақстандықтарды мәдени, қоғами ағарту жақтарын тәрбиелік нысанға алу, қазақстандық бірегейлік пен қоғамдық келісімді қалыптастыру болып көзделді. Кездесуге қатысқан облыстық ассамблеяның «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мен «Ақ желкен» жастар лигасы, Аналар мен ақсақалдар кеңесі, этномәдени бірлестіктер өкілдерімен қоса облыстық, қалалық БАҚ тілшілері де Ассамблея ұйымдастырған іс-шарадан қалыс қалмады.

Сембек Сейдазимов ҚХА жастарымен кездесу барысында өзінің өмірде қолы жеткен жетістіктерімен бөлісе отырып, елінің сүйікті азаматына айналуына ненің себеп болғаны жөнінде сыр шертті. Беделді азамат деген атақ-дәрежеге жетіп, елінің елеулісі, халқының қалаулысы болу үшін бар болғаны – өз Отанының келешекте көркейіп гүлденетініне толық сенімнің болып, және де сол Отанды дамыту жолында аянбай еңбек етуді болашақ ұрпаққа үлгі тұтты. Өзі түлеп ұшқан киелі Жамбыл топырағына аянбай еңбек сіңіріп, талай қайырымды істерге ұйытқы болып жүрген нар тұлғаның еліміз егемендік алғаннан бастап облыс үшін атқарған игі істері ерен екеніне тағы бір көз жеткіздік.

Еркін сұхбат алаңына айналған кездесу барысында жастар кештің құрметті қонағына өздерін қызықтырған сауалдарын қойып жатты. Әр сұраққа аса мұқияттылықпен жауап берген Сембек Әбетайұлы өмірлік тәжірибесінен түрлі мысалдар келтіре отырып, Жамбыл облысының қоғамдық және әлеуметтік даму жолында нендей іс-шараларға атсалысқаны турасында да өз ойын ортаға салды.

Ел сыйлаған қоғам қайраткерінің жастармен арнайылап алтын уақытын бөліп, кездесуге келіп, «100 жаңа есім» жобасының иегері болу дәрежесіне жету жолында тың дүниелермен бөліскені үшін облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева алғыс айтып,

Ассамблея атынан естелік сыйлық пен алғыс хат табыстады. Кеш естелік суретке түсумен аяқталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір