• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:26:31
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Меркі ауданындағы №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының «Жас қыран» жасағы Қарағанды қаласында өткен республикалық жас қозғалыс инспекторлары, 19-ші Ғазиз Байтасов атындағы слетке қатысып қайтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жамбыл облысының намысын қорғайтын, облыстың атынан қатысу құрметі кез-келген командаға тапсырмасы анық. Бұған дейін өткізілген аудандық және облыстық байқау жеңімпазы атанып, бас жүлдені жеңіп алған «Жас қыран» жасағы республикалық слётке қатысатынын естігенде, қалайда сенімен шығу үшін, дайындықты жазғы демалыс кезінде де жалғастырды.

Қарағанды қаласында өткен 19-шы республикалық Ғазиз Байтасов атындағы слетке Қазақстан құрама командасы, Белорус Республикасы, Қырғызстан, Ресейден, Нұр-сұлтан қаласынан, Алматы, Түркістан, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облысының жас инспекторларынан жасақталған командалары қатысты.

Слет барысында «жас қырандар» «Жолда жүру ережелерінің белгілері», «Жас велосипедші», «Жас санитар», «Жас эрудит», «Ашық үзіліс», «Үгіт бригадасы», «Ашық ауысым», «Сапта жүру», «Жас реттеуші», «Автоқалашықты айдау» сияқты байқауларда бақ сынады. Ең маңыздысы, «Жас қыран» командасы слетке барарда Ғазиз Байтасов туралы Тараз қаласына барып, ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, монолог оқып видеоролик түсірген болатын. Осы роликті қорғап, сахнада Ғазиз Байтасов жайлы театрландырылған көрініс қойып, бүл көрініске жетекші Ғабит Айтбаев қатысып, концерт қойып, ән айтылып, жыр оқылды. Ғ. Байтасов туралы монолог оқылғанда көрермендер көзіне жас алып отырды. Бұл Жамбыл облысынан барған «Жас қыран» командасының өнерлі оқушылар екенін көрсетті. Велосипед айдап, тест тапсырып, жетекші Ғ.Айтбаев сабақ көрсетіп, барлық байқауларға белсене қатысты.

Слет жұмысы да аяқталар күні әр байқау бөлек бағаланып, слет тәртібі бойынша қазылар алқасы барлық командаларды мақтау қағаздары мен түрлі сертификаттармен марапатталды. Барлық оқушыларға естелік ретінде слеттің барлық күнінен фотосуреттер және флешкалар сыйға берілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір