• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:21:46
Алматы
+35°

Достар, қолдауларыңыз үшін тағы да өздеріңізге алғыс айтамын!
Осы посттан кейін өзіме төнген қауіп жөнінде жазып, сіздерге салмақ салмаймын. Бірақ осы постты жариялауға тиіспін.

Жуырда менің достарым және әртүрлі әлеуметтік желілердегі оқырмандарым ақпараттық шабуыл жасауға тапсырыс беретіндер мен оны орындайтындар туралы мәлімет жіберді. Енді мен кім тапсырыс беретінін, кім жоспар жасап, кімнің ұйымдастыратынын, кімдер орындайтынын білемін. Тіпті олардың қалай жұмыс істейтініне дейін таныс болдым. Сөйтсем, осыған арнайы машықтанған үлкен топ бар екен. Маған қазірдің өзінде 17 адамның аты-жөні белгілі болып отыр. Мен олардың жұмыстарының жүйесі мен тетіктерін біліп алдым.
Әдетте, олар бұл үшін жұмыссыз адамдарды тартады. Күн сайын 200-ден астам жалған-фейк аккаунттар ашылады. Тіпті кімнің тақырыпқа «от тастайтыны», кімнің комментарийлер жазып, кімге және қалай есеп беретініне дейін ойластырылған. Олардың мессенджерлерде ортақ чаттары да бар. Жетекшілері олардың жұмыстарын өте шебер үйлестіріп отырады. Осындай ұйымдасқан қылмыстық топтар, қысқасы.

Олар контентке қатысты ресми кеңсеге бағынады. Олар өз араларындағы барлық хат-хабарларды жойып отырады, сондықтан олардың байланысын дәлелдеудің өзі қиын. Олардың көбі тіпті менің оқырмандарым болып шықты және фейсбукте әртүрлі тақырыптағы дұрыс дүниелерді жазады.
Қысқасы, олар маған қарсы жалданған блогерлер мен журналистердің үлкен бір ұйымдасқан тобын қоспақшы. Егер бұл ақпараттық шабуыл жасалса, мен олардың барлық тораптары мен есімдерін жұртқа жариялай бастаймын. Ақылға келеді деген үміттемін!

Достар, ақпараттық шабуылдың қаупін жою – істің тек жартысы ғана. Олардың менің үнімді шығармай қою ниеті жоғала қоймайды. Ақпараттық шабуылдан бөлек, қылмыстық істерді қозғауға қатысты бірнеше ескерту, тіпті физикалық тұрғыдан жою жөніндегі бір ескерту алдым. Осыған байланысты, маған қарсы қылмыстық іс қозғалған жағдайда, көпшілікті ескерткім келеді:
- Бұрынғы істердің бәрінің талап қою мерзімі біткен (10 жылдан асып кетті)
- Одан бөлек, заң бойынша, айыптау қарастырылған істерді қайтадан қарастыруға рұқсат етілмейді.
- Сонымен қатар, мынаны еске салғаным артық болмас. Мен ешқандай қылмыс жасаған емеспін және қандай жағдайда да өзімді кінәлі санамаймын.
Сондықтан, қазір маған қарсы қозғалатын кез келген қылмыстық іс әлеуметтік желілердегі және телеграм каналымдағы жазғандарыма қатысты саяси іс болады.
Сонымен қатар, мынаны айтқым келеді, егер маған қатысты қандай да бір жазатайым оқиға болса (Аллах сақтасын), бұл – тікелей тапсырыс. Тапсырыс берушілердің аты-жөндерін мен қауіпсіз жерге сақтап қоямын және ондай жағдай орын алса, ол ақпараттың бәрі жарияланады.
Барлықтарыңызға тағы да алғыс айтамын! Сіздерді мезі қылмадым деген ойдамын.
Бәрі осы шығар. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым, қалғаны Алланың қолында.

Марғұлан Сейсембайдың фейсбук парақшасынан алынған

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір