• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:51:05
+35°

ҚР Конституциясы күні мен Жастар жылына орай Тараз қаласында «Еркем-ай» жаңа өнер мектебі ашылды. Мерекеге күні орталықтың лентасы салтанытты түрде қиылып, балаларға базарлық сыйлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы мәдениет ошағының директоры Салтанат Құлтаеваның айтуынша, аталған өнер мектебінің жастарға берері мол екен.

- Тараз топырағы талай таланттарды тудырғаны белгілі. Жастар жылында біз осы өнерлі жастарға барынша қолдау білдіргіміз келіп отыр. Заманауи құрылғылармен жабдықталған орталықта балаларға ән, би, сурет, домбыра және фортепиано үйірмелері қызмет көрсететін болады. Біз жастардың өнерін ұштап ғана қоймай, олардың түрлі байқауларда бақ сынауына мүмкіндік туғызып, жолын ашамыз. Сондықтан барлықтарыңызды «Еркем-ай» өнер мектебіне келуге шақырамын, -дейді С.Құлтаева.

Жалпы орталықтың басты ерекшелігі – мұнда баға қолжетімді. Және қазір мектеп басшылығы демеушілерді тарту арқылы мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы отбасыларынан шыққан балғындарды тегін оқыту жағын қарастыруда. Тағы бір айта кетерлігі, егер «Еркем-ай» өнер мектебіне балаңыз екі үйірмеге жазылатын болса, сабақтар арасында тегін тамақтандыру қамтамасыз етілген. Сондай-ақ мұнда ең білікті мамандар дәріс беруде.

Бір сөзбен айтқанда Жастар жылына орай ашылған өнер мектебінің балаларға берері мол болып тұр. Ендеше, «Еркем-айға» асығыңыз, ағайын!

Жалпы мұндай өнер мектептері көптеп ашылғаны қуантады. Себебі «Рухани жаңғыруға» бет алған мемлекетіміз үшін рухани азық болар дүниелердің көптеп болғаны құптарлық. Оған қоса, бұл өскелек ұрпақ үшін де мол қазынаға, келешекке арзымас азық.

«Еркем-ай» өнер мектебінің өміршеңдігіне біз де кәміл сенеміз. Себебі мұнда балалар түрлі үйірмелерден өнерлерін шыңдап ғана қоймай, дуы басым бәсекелер мен байқауларға қатысып, облыс намысын асқақтатқалы тұр. Ал сол балғындардың ішінен ертең әлемге танымал әнші, күйші, домбырашы, бәлкім биші шықпасына кім кепіл. Сондықтан қанатын кеңге қаққан «Еркем-ай» өнер орталығының жұмысына тек сәттілік тілейік. Ұшар шыңың, алар асуың, көрер биігің көп болғай – «Еркем-ай»!

Балғын балаларды шыңдап, тума таланттарды танытарда тұлпарыңның тұяғы, сұңқарыңның қанаты талмасын!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір