• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:53:43
Алматы
+35°

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде өңірдің тарихы жайындағы мол мәліметтер бар. Қазір бұл мәліметтердің цифрлық форматқа көшіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақ мәдениеті мен руханиятына тыңнан түрен салған Елбасы-Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында тарихи сананы жаңғырту мәселесіне ерекше тоқталғаны белгілі. Соның нәтижесінде ел тарихын тануға қатысты бірден-бір баламасы жоқ бағдарлама «Архив-2025» бағдарламасын дайындау ісіне қозғау салынды. Бұл орайда жаңа бағдарлама шарапатын сезінуден облыстың 80 жылдық тарихынан бөлек өңірден шыққан танымал азаматтардың өмірдерегі қамтылған бірнеше қоры бар Жамбыл облыстық мемлекеттік архиві де шет қалмаудан үмітті. Бүгінде облыстық архивтегі архивтік құжаттарды мемлекеттік сақтауды ұйымдастыруда 17 қор қызмет көрсетеді. Бұл қорлар 4646 сақтау бірлігінен тұрады. Мұнан бөлек 2705 сақтау бірлігі бар басқару құжаттамасы , 1916 сақтау бірліктен тұратын жеке құрам, 25 сақтау бірліктен тұратын жеке тектік құрам мен 4 жаңа қор жасақталған. Облыстық архивөз қызметін мінсіз ұйымдастыруда мемлекеттік мекемелермен, заңды тұлғалардың архивтерімен байланысты берік жолға қойған. Мәселен өткен жылы облыстық мемлекеттік архив 168 мекемемен серіктес атанған. Қазір архив қорындағы құнды мәліметтер электрондық форматқа көшірілуде.

Өткен жылы өңір тарихын зерттеуге, тың деректермен толықтыруға оларды хаттап келер ұрпаққа қалдыруға өз үлесін қосқан Жамбыл археологиялық пунктінің ашылғанына 80 жыл толды. Мерейтойға орай облыстық мемлекеттік архивтің атсалысуымен «Тараз:Археологиялық зерттеулер (1938-1945)» жыл атты кітап оқырмандарына жол тартты.

Қазір Жамбыл облысы аумағындағы Тараз қалалық мемлекеттік архивінде «Электрондық архив» жобасы тиімді жүзеге асырылуда. «Электрондық үкіметті» қалыптастыру мақсатында 2012 жылы қолға алынған бастама аясында архив қорындағы қағаз негізді құжаттар сканерленіп электрондық форматқа көшірілуде. Айта кету керек бұл мекеменің қорында 106 қорда 31 473 сақтау бірлігі бар. 2012 жылдан бастап мұнда «Құрметті азаматтар», «Ұлы Отан соғысының ардагері», «Ерлігі–елге мұра, ұрпаққа –ұран», «Тараз қаласының спорт тарландары» сынды жеке тектік құжаттар топтамасынан құралған қор ашылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір