• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:37:46
Алматы
+35°

12 Қыркүйек, 2019 NEWS

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың идеология жөніндегі орынбасары болып Батыржан Байжұманов тағайындады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Әкімдік сайтының мәліметінше, Батыржан Байжұманов 1976 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін және Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген. Мамандығы бойынша – ғалым агроном, мемлекеттік басқару менеджері. 2008 жылы "Децентрализация" бағдарламасы арқылы Дьюка университетінде (АҚШ) білім алды. 

Әр жылдарда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде, сол сияқты ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің аға маманы, сарапшысы, ҚР Президенті Кеңсесінің аға, бас сарапшысы, консультанты, ҚР Президенті Әкімшілігінің инспекторы, мемлекеттік инспекторы, "КазАгроИнновация" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2017 жылдың сәуір айынан – Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы болған.

Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы қызметіне Темірлан Бектасов тағайындалды. Ол бұған дейін облыстағы Панфилов ауданының әкімі қызметін атқарған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір