• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:07:42
Алматы
+35°

04 Қыркүйек, 2019 NEWS

Алматы қалалық стратегия және бюджет басқармасында жаңа басшы

Қала әкімінің өкімімен Нұртас Қайыров Алматы қаласының стратегия және бюджет басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Н. Қайыров 1979 жылдың 9 мамырында туылған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясы мен Алматының үздіксіз білім университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы бастаған. ҚР Статистика жөніндегі Агенттігінің «Ақпараттық есептеу орталығы» РМК, Экономикалық даму және сауда Министрлігі жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қорында» және кәсіпкерлік саласында жұмыс жасаған.

2016-2019 жылдар аралығында «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басшылық қызметте болған. Соңғы қызметі – «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры.

almaty.gov.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір