• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:44:39
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Жамбыл ауданында жан жадыратар жаңалықтар жетерлік. Елдің еңсесін жыл санап тіктеліп келеді. Бір ғана мысал негізгі капиталға салынған инвестиция 2019 жылы 17 млрд. 879,4 млн. теңгені құраған. Бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда пайызға артық деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жан басына шаққанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 214 211 теңгені құрады және 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,4%-ды құрады (2018 жылдың 7 айы – 197 474 теңге).

2019 жылдың есепті кезеңінде бөлшек сауда тауар айналымы 3 млрд. 883,7 млн. теңге немесе 130,2% болды (2018 жылдың 7 айы – 2 млрд. 982,3 млн. теңге). Нақты көлем индексі 123,1%-ды құрады. Сонымен қатар, көтерме сауда айналымының көлемі 8 млрд. 512,9 млн. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 82,8% болды (2018 жылдың 7 айы – 10 млрд. 270,7 млн. теңге). Нақты көлем индексі 78,0%-ды құрады.

Орташа айлық жалақы көлемі 128 658 теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 113,1%-ды құрады (2018 жылдың 7 айы – 113 658 теңге).

Тұрғын үй құрылысы жалпы алаңы 37 719 шаршы метрді құрайтын 276 жеке меншік тұрғын үй қабылданды, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 120,6%-ға орындалды (2018 жылдың 7 айы – 31 271 шаршы метр).

Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 639 адам тұр. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 99 бала, әлеуметтік әлсіз топтағы 292 адам, 138 көп балалы отбасы және 110 мемлекеттік қызметшілер. Сондай-ақ, жалпы аудан бойынша 9 568 адам жеке меншік тұрғын үй құрылысына жер телімін алуға кезекте тұр.

Салықтар мен міндетті төлемдердің орындалуы аудан бойынша салықтық түсімдердің орындалуы 104,5%-ды құрады (жоспар 2 958,5 млн. теңге; нақты 3 090,4 млн. теңге).

Республикалық бюджет 98,1%-ға орындалды (жоспар 789,2 млн. теңге; нақты 774,1 млн. теңге). Жергілікті бюджет 106,8%-ға орындалды (жоспар 2 169,2 млн. теңге; нақты 2 316,3 млн. теңге). Оның ішінде аудандық бюджет 67,9 млн. теңгеге (жоспар 1 549,7 млн. теңге; нақты 1 617,7 млн. теңге), облыстық бюджет 79,0 млн. теңгеге (жоспар 619,5 млн. теңге; нақты 698,5 млн. теңге) артық орындалды.

Бюджет шығыстарының игерілуі 97,7%-ды құрады (жоспар 8 612,7 млн. теңге; нақты 8 411,1 млн. теңге).

Бұл сөз жоқ, бас бармақпен бағалауға тұрарлық.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір