• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:57:31
Алматы
+35°

Жамбыл облысы әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік-жекменшік әріптестік аясында өңірде жүзеге асып жатқан жұмыстар жайы қаралды. Жиында облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндама жасап, еңсерілген межелер мен алда тұрған мақсаттарды айқындады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жыл басында аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобалардың бірыңғай базасын құру тапсырылған еді. Осы орайда жасалған арнайы тізімде 238 жоба бар. Бүгінде оның 63 жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал қалған 42 жоба жыл соңына дейін толығымен аяқталмақ.

Өңірде қолға алынған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалардың негізгі бөлігін әлеуметтік саладағы нысандар құрайды. Тек білім саласының өзінде 39 жоба жүзеге асырылатын болады. Осы орайда басқарма басшысы мектеп асханаларында қызмет көрсетуді мемлекеттік-жекеменшік аясында іске асырудың тиімділігіне назар аударды. Аталған жоба арқылы асхана қызметін ұйымдастыруға жыл сайын конкурс ойнатылмайды. Есесіне конкурстың бір жеңімпазымен 3 жылдан 30 жылға дейінгі аралықта тұрақты келісім шарт орнатылмақ. Жеңімпаз оқушыларды тек ыстық тамақпен қамтып қана қоймай, асхананың жабдығын жаңалап, ғимаратын жөндеп отыруды да өз міндетіне алатын болады.

Айта кетейік, бұл орайда алдымен облыстағы барлық мектеп асханаларына талдау жасалынып, жабдығы тозған, жөндеуді қажет ететін асханалар таңдап алынған. Нәтижесінде жаңғыртуды қажет ететін 198 асхана анықталған. Осыны ескерген Асқар Исабекұлы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ағымдағы жылы жобасы жүргізілетін асханалардың санын еселеу керектігіне көңіл бөліп, бұл бағыттағы барлық тетіктерді іске қосуды атап айтты. Өңір басшысы конкурс келісімшартында екі тараптың міндеттемелерін тиісінше нақтылаудың маңыздылығын атап өтті. Оған қоғамдық комиссияларды тарту жайы да айтылды. Сондай-ақ ыстық тамақтың үздіксіз берілуін, тамақ сапасына тексеріс үнемі ұйымдастырылып отырылуын қадағалауды тапсырды.

Басқосуда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы спорт, денсаулық сақтау, тұрғын-үй шаруашылық, туризм саласындағы жобалар да қаралып, жүзеге асу барысы сараланды. Жиын қорытындысымен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір