• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Мамыр, 10:20:04
Алматы
+35°

14 Қыркүйек, 2019 Оқиғалар

Арыстағы әскери қоймада тағы жарылыс болды

Бұл туралы Қазақстанның қорғаныс министрлігі хабарлады.

13 қыркүйекте Түркістан облысы Арыс қаласында әскери қойма аумағын тазарту кезінде оқ-дәрі бөлшектері жарылып, төрт әскери жарақаттанды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы Қазақстанның қорғаныс министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, жарақат алғандардың барлығы әскери ұшақпен Алматыдағы әскери госпитальға жеткізілген.

Сондай-ақ министрлік оқиға бойынша әскери полиция тексеру жүргізіп жатқанын, тұрғындарға келер қауіп жоқ екендігін мәлімдеді. 

"Тұрғындарға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, жағдай толық бақылауға алынған. Еске сала кетсек, қала аумағын және оқ-дәріні сақтау нысандарына жақын аумақтарды тазартқаннан соң, оқ-дәрілердің негізгі бөліктері әскер бөлім аумағында тұр, бірақ тұрғындарға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Сонымен қатар, әскери бөлімдегі әскери қызметшілердің оқ-дәрі бөліктерін жинау және жою жұмыстарына белгілі бір уақыт керек. Осыған байланысты қорғаныс министрлігі ресми мәлімет таратушы органдарға сеніп, расталмаған ақпаратты таратпауды сұрайды", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Осы жылдың 24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қойма жарылып,салдарынан төрт адам қаза тапты. Сол кезде Арыста төтенше жағдай жарияланып, тұрғындарының басым қаладан қашып кетті. Арыста қалған тұрғындар биліктің бұйрығымен эвакуцияланды.

Жарылыс салдарынан Арыстағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың біразы бүлінді. Билік қыркүйекте жарылыс кезінде бүлінген барлық ғимараттардағы құрылыс жұмыстары аяқталғанын хабарлады. 

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір