• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:00:30
Алматы
+35°

Өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету – азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің басты тапсырмаларының бірі. Ағымдағы жылдың алдындағы жылыту маусымында, «Өрт қауіпсіздік айлығы» аясында Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының, Өрт сөндіру қызметінің, «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамы Жамбыл облыстық филиалының қызметкерлері, «Жібек жолы» белсенді жастары волонтерларымен және жергілікті полиция қызмет қызметкерлерімен бірлесіп жеке сектордағы отбасы төмен тұратын тұрғындарымен аула аралау өткізілуде және жылыту маусым кезеңдегі өрт қауіпсіздігі іс шаралары туралы түсіндірілуде.

Аралау барасында үй тұрғындарына өрт шыққан кездегі алғашқы кезектегі әрекеттері, тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шаралары жеткізілді. Жылыту пештерін, электр жабдықтарының газдық құрылғыларының күтіп-ұстайға және пайдалануға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар кішкентай балаларды үйде қараусыз қалдырмауға шақырды. Өрт қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтамау қайғылы оқиғалар тудыруы мүмкін.

Қалада пешпен жылытатын жеке үйлер көп, олар өрт қауіпінің тұрақты факторы болып табылады, соның салдарынан тұрғындардың тұншықтырғыш (улы) газбен улануы орын алады. Көбінесе бұл жағдай күн райының аяздатуынан орын алады, жылыту пештерін қолданылғаннан басталады, қолданған кезде тұрғындар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Пештерді орнату және пайдалану міндетті түрде өрт қауіпсіздігі нормаларын орындауды талап етеді.

Әрқашан есте сақтаған жөн, тұншықтырғыш газ өте « қауіпті», оның ешқандай түсі және исі жоқ, бөлмелер ішіне тез тарайды, қабырға мен заттарға қонбайды. Тұншықтырғыш газдан улану өлімге әкелуі мүмкін.

– Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау мақсатында келесідей өртке қарсы іс-шараларды орындау қажет. Атап айтқанда, ақауы бар немесе қолдан жасалған электр жабдықтарын пайдаланбаңыз, қосулы тұрған электр жабдықтарын қараусыз қалдырмаңыз. Жылыту маусымы алдында пеш пен түтіндікті күйеден тазалап, жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмаңыз, жас балаларға жанып жатқан пешті қарауды тапсырмаңыз. Сондай-ақ, отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пеш алдына жақын орналастыруға тыйым салынады. Заттарды, киімдерді пешке жақын кептіруге де болмайды. Балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыру да үлкен қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін, – дейді Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Дархан Қалдырбек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір