• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:05:40
+35°

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың тапсырмасына сәйкес облыста әкімдердің жұмыс алгоритмі құрылған болатын. Аталған алгоритмге сәйкес аймақтағы атқарушы органдардың жұмысы жүйеленіп, бір қалыпқа түсті. Мәселен, Сарысу ауданында орналасқан Тоғызкент ауылдық округ әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесі Облыс Әкімінің 2019 жылғы 13 наурыздағы № 70-өкімін басшылыққа алып, Тоғызкент ауылдық округі әкімінің жұмыс алгоритмінің жұмыс жоспарын құрды. Жұмыс алгоритміне сәйкес елді мекен тұрғындарымен 15 кездесу өткізді.

Елді мекендегі әр үйді аралау барысында «Тұрғындардың әлеуметтік картасы» әзірленіп, әлеуметтік картаға әрбір тұрғынның отбасы саны, табыс көзі, тұрмыс жағдайы зерделенді.

Сонымен қатар, «Жамбыл облысы тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту жобасы» аясында сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде 41 жоба ұсынылды.

Жалпы Тоғызкент ауылында аула саны – 265, Әбілда ауылында – 24, Майлыкөл ауылында – 26. Жалпы үй іргесіндегі пайдалануға жататын жер учаскелері – 24,0 га.

Үй іргесінде пайдаланып отырған жер учаскелері – 9,92 га. Күнделікті отбасылық қажеттілік үшін отырғызылған картоп –4,4 га. Күнделікті отбасылық қажеттілік үшін отырғызылған бақша –4,4 га. Күнделікті отбасылық қажеттілік үшін отырғызылған көкөніс –42 соттық. Сонымен қатар, ауыл сыртына егілген қауын-қарбыз көлемі – 9,5 га. Оның ішінде отбасы қажеттілігі үшін сатылымға шығатын бақша дақылдары – 9,5 га.

Ауылдық округ бойынша жүргізілген зерделеу барысында 196-аулада, 1578 бас МІҚ тіркелген, оның ішінде аналық басы -599. Тоғызкент ауылында 425 бас сауын сиыр бар. Орта есеппен 1 сиырдан күнделікті 5 литр сүт сауылады. Тоғызкент ауылында күндік сауылатын сүт көлемі күнделікті төлінің қажеттілігінен бөлек 2125 литр. Отбасылық қажеттілік үшін пайдаланылатын сүт көлемі – 2125 литр.

Сонымен қатар, ауылдық округтегі шаруа қожалықтарында – 1774 бас МІҚ тіркелген. Оның ішінде аналық басы – 1187. Тоғызкент ауылдық округінде 1 шаруа қожалық жаңадан ашылды. Төрағасы Шарденов Мадіжан қазіргі таңда несие алу үшін құжаттарын ресімдеуде. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламамен құдық қаздыруға құжаттарын дайындауда.

Осыған орай, «Әсем» шаруа қожалығы және «Еңлік» шаруа қожалығы 2 МТЗ-892,2 тракторын КУН агрегатымен алуға құжаттарын рәсімдеп өткізді.

Ауылдық округтегі өзекті мәселе ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жасалуда. Қазіргі таңда Жамбыл, Бекпенбет көшелерінің ауыз су құбырлары жаңартылды.

Тоғызкент ауылындағы «Сәдібай» мешітінің жан-жағы тазаланып, тал-дарақтары бұталған.

Ауыл әкімінің сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы индустрияландыру бағдарламасы бойынша экономикаға серпін беретін тың жобалар қолға алынып, жаңа жұмыс орындары құрылмақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір