• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:57:16
+35°

Тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі. Бәсекелік ортада халықтың әл ауқатын арттыру мақсатында бірегей жобаларды іске асыру керектігі айқын. Бұл бағытта да Жамбыл облысында жүйесін тапқан жұмыстар жетерлік, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жүргізілген талдау бойынша Жамбыл облысы халқының 60,4 пайызы немесе 679 мың адам ауылдық жерде тұрады. Оның ішінде, еңбек жасындағы 395 мың адамның 151 мыңында тұрақты табыс көзі жоқ.

Бұл азаматтар негізінен бюджет есебінен берілетін әлеуметтік төлемдер, маусымдық жұмыстардан, қосалқы шаруашылық есебінен күн көруде.

Бірінші жартыжылдықта 32 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды (162 354 адам).

Мұндай проблемалар барлық өңірлерге тән. Сондықтан, Ел Президенті әлеуметтік бағыттарға – отбасы бизнесін құруға, ең алдымен, көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға баса мән бере отырып, бизнеске қолдау көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізу керектігін тапсырды.

Бұл бағытта облыста нақты жоспар құрылып, жүргізілген жұмыстардың алғашқы нәтижесі де байқалуда.

Өздеріңізге белгілі, Елбасының үстіміздегі жылдың 30 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңірлерде скрининг өткізу туралы тапсырмасы аясында облыстағы 376 елді мекендегі 138 347 аула зерделеніп, анкеталар толтырылды.

Зерделеу нәтижесі мен тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, Жамбыл облысы тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жобасының тұжырымдамасы әзірленді. Осы жоба аясында халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған 5 бағыт таңдалып отыр. Бірінщісі үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану; Екіншісі мал шаруашылығын дамыту; Үшіншісі ауыл сыртындағы жерлердің тиімділігін арттыру; Төртіншісі кооперативтер құру; Бесіншісі шағын кәсіпкерлік жобаларды қолдау.

Осы 5 бағыт бойынша жалпы құны 46,4 млрд. теңге көлемінде 31 мыңнан астам жобаны іске асыру көзделіп отыр.

Алдын-ала есептеулерге сәйкес, осы жобалардың іске асырылуымен 90 мыңнан астам жұмыс орындарының құрылуы, өз бетінше жұмыспен қамтылған және жұмыссыз 68 мыңнан астам адамды кәсіпкерлікпен айналысуға бейімдеу, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санын

қысқарту, ауыл шаруашылығы өнімін 132 млрд. 200 млн. теңгеге немесе 33 %-ға дейін ұлғайту, өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесін 30 %-ға арттыру көзделуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір