• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:58:40
Алматы
+35°

19 Қыркүйек, 2019

"Педагог мәртебесі" туралы заң жобасы: мұғалімнің мүддесі қаншалықты ескерілді?

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәжілісте мұғалімнің мәртебесі туралы заңды таныстырды

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәжілісте мұғалімнің мәртебесі туралы заңды таныстырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz-ке сүйене отырып.

Заң жобасында ұстаздардың қойған талаптарының ішінде зейнетке ерте шығу, екі еселенген көлемде сауықтыру жәрдемақысын төлеу, педагогтарға арналған жеңілдетілген ипотека сынды тұстары бюджет мүмкіндігіне байланысты мүдделі мемлекеттік органдар мақұлдамаған. 

Асхат Аймағамбетов: "Зейнетақы шотында белгілі бір жинағы бар азаматтар үшін зейнетке ерте шығу мүмкіндігі қарастырылғанын білесіздер. Ал мұғалімдерге қатысты айтар болсам, біреулері 20 жылдан кейін, енді бірі 35 жылдан кейін зейнетке шығару керек дейді. Бір-біріне қарама-қайшы пікірлер айтылуда. Қазіргі заң жобасында мұндай норма қарастырылмаған", - деп түсіндірді. 

Заң жобасы мұғалімдер үшін балабақшадан бірінші кезекте орын беру мәселесін, "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік марапатының жаңа түрін енгізу сынды ұсыныстары мақұлданды. Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру, ауылдық жерде жұмыс істейтін мұғалімдердің еңбекақысын арттыру, "Үздік педагог", "Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы" гранттары сияқты қолданыстағы барлық әлеуметтік кепілдіктер қолдау тапты. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір