• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:18:24
Алматы
+35°

2020 жылы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өту жайлы жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған болатын. Жарлықта 2019 жылғы 1 шілдеге дейін 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылу қажеттігі, 2019 жылғы 1 қазанға дейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспары бекітілуі тиіс екендігі айтылады.

Ел болып ұлы ақын өлеңдерін жарыса жаттап, әлемдік деңгейде Абай өлеңдерін оқу арқылы эстафета да өткізіп жатырмыз. Алайда Өскемен қаласының тұрғындары  Республика алаңындағы Абай Құнанбайұлының қара сөздері жазылған тақталар, Абай даңғылының бойындағы бірінші үйдің қабырғасына ілінген ескерткіш тастақтаның да әбден тозығы жетіп тұрғанын ustinka.kz сайтында мәлімдеді.

– Жолдың қарсы бетінде автобекет және бірінші үйдің жанында сауда үйі мен базар орналасқан. Өскеменге келетін жолаушылар осындай халық көп жүретін көше бойындағы ескерткіш тақтаны көріп, хакім Абайға қандай құрмет көрсетіп жатқандығымызды іштей бағамдаған болар, – дейді такси жүргізушісі Серік Бәзікенұлы.

– Кетілген тастақтаның бетіне жазылған ұлы ақын есімі өшуге жақын, бейне қазіргі санамыздың әлі рухани жаңғыра алмағандығының белгісіндей, – дейді қала тұрғыны Сымбат Дидарұлы.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір