• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:32:08
Алматы
+35°

Ана «депутаттар» деуге ауыз бармайтын «билік қалаулылары» Заңға енгізілген өзгерісте «оралман» атауының орнына президент қанша жерден айтса да құлақтарына да қыстырмай, «қандастың» орнына «бауырлас» атауына қабылдап жатқан көрінеді.

О, заман да бұ заман президентіне қарсы шыққан бұл «жүрек жұтқан» депутаттарды емес, ана жепутаттарды айдап салып отырғандардың да кім екенін жұрттың іші сезеді... Олардың күні батуға таяу, ағайын...

Сондықтан да дәл осы арада мен президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдаймын және соның жағындамын (президенттің басқа саясаты туралы әңгіме бөлек)!

Бойында ұлттық намысы бар «қалың елім, қазағым, қайран жұртым»(Абай) осындай сын сәтте «қандасты» жақтап, президентті қолдайық баршамыз дегім келеді!
Ана «жепутаттар» қабылдап жатқан «бауырластың» артында назарбаевтың ана «140 ұлты», қытай, табғаш, шүршіттердің тұрғаны айдай ақиқат!

Оян, Қазақ! Сілкін Қазақ!
Енді шегінетін орын жоқ!

Жұмаш Кенебай (Көкбөрі),
ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақ телевизиясының ардагері, «Қазақ журналистикасының қайраткері», Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері, қоғам қайраткері, публицист,

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір