• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:59:23
Алматы
+35°

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының басты жаңалығы латын графикасына негізделген қазақ жазуына көшу болғаны белгілі. Сәйкесінше Жамбыл облысы аумағында бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Өткен жылы басқарма тарапынан латын графикасына негізделген қазақ жазуын түсіндіру мақсатында қолға алынған 4 әлеуметтік жоба аясында 120-дан аса іс-шаралар өткізіліп, оған 150 мыңға жуық адам қамтылған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Сондай-ақ облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы жанындағы тілдерді оқыту орталығында «Рухани жаңғыру: латын әліпбиі» кабинеті ашылған. Бұл орталық облыс тұрғындарына латыннегізді қазақ әліпбиіне көшу жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді.

–Біздің республикада алғашқылардың бірі болып Елбасының №637 Жарлығымен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін интернеттің мүмкіндігін пайдалана отыруға көңіл бөлді. Сәйкесінше жергілікті тілтанушы, бағдарламашы мамандардың атсалысуымен Qazalipbi.kz сайты іске қосылды. Онлайн оқыту бағдарламасы түрінде әзірленген бұл қосымшаға интернеттің кез келген браузерлері мен смарт телефондар арқылы кіруге болады. Бұл бағдарламаның тағы бір тиімді тұсы оның қол жетімділігі мен уақыты жағынан шектеу болмауында. Яғни интернеті бар кез-келген адам өзіне ыңғайлы уақыттан теориялық, практикалық, бағалау бөлімдерден құралған 18 сабақты оқи алады,– дейді облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нәбира Сүйманова.

Мұнан бөлек басқарма мамандары аудандар мен Тараз қаласында «Тіл жаңғыруы – жаңа әліпби» атты латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін түсіндіруге бағытталған 55 семинар-тренинг өткізген.

Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиі мен жалпыхалықтық диктантты жазу ұйымдастырылды. Бұл шараға 128 мыңға жуық адам өз еріктерімен қатысып, жоғары дайындықтарын көрсетті. Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы жанынан құрылған жұмысшы топтар аудандар мен Тараз қаласында «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасын» түсіндіріп, семинар-тренингтер жүргізді.

Бір сөзбен айтқанда жамбылдық жұртшылық Елбасының латын қарпіне көшу туралы бастамасын қызу қолдайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір