• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:01:55
Алматы
+35°

Адамзат өркениетіндегі ғылыми-техникалық прогрестің алғышарты металл өндіру болды. Металл өндірумен адамзат жылқыны қолға үйретті, құрал-саймандар жасап егін шаруашылығына ден қойды. Қару-жарақтың жаңа түрлерін пайдалану арқылы аңшылық мейлінше табысты бола бастады. Бұл жайында Елбасы «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында мазмұнды баяндаған. Сәйкесінше, Қазақстанда ең алғашқы адамдардың ізі қалған Жамбыл өңірінде де ежелгі металлургияның дамығанын анық аңғаруға болатын құнды жәдігерлер табылған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

 

Елбасы мақаласында айтылғандай Жамбыл облысы аумағында да тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болды. Түрлі металл қорытпаларынан жасалған тұрмыстық заттары мен қару-жарақтарының табылу ата-бабаларымыздың металлургиядан хабары болғанын білдіреді. Тарихшы ғалымдар Жамбыл жерінде металлургия өндірісі қола дәуірінде кеңінен қанат жаяғанын мәлімдейді.

–Өңіріміздегі Шу өзені алқабында, Хантауының етегі, Шатыркөл аймағы, қола дәуірінен бастап металлургия өндірісі дамыған. Ең алғашқы кен орындары да осы аймақтарда ашылған. Археолог-ғалым Марияшев аталған кен орындарында болып облыстағы металлургия тарихы қола дәуірінен бастау алатындығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді. Бұл мәліметті тарихшы ғалым Карл Байпақов та растады. Күні бүгінге дейін осы маңдағы Шатыркөл аймағынан мыс өндіріледі.

Қола дәуірінен соң адамзаттың темірді игеруімен басталған ерте темір дәуірінде де Жамбыл облысында металлургия жақсы дамыды. Бұған Жетітөбе мен Берікқара обалы қорымдарындағы зираттар мен обалардағы сапалы өңделген темір бұйымдары мысал бола алады. Тіпті Берікқара обалы қорымында жүргізілген археологиялық ғылыми зерттеу жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер қазір Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Эрмитажда тұр, –дейді археолог-ғалым Сауран Қалиев.

Ғалымның айтуынша Берікқарадан табылған ер адамның белбеуіндегі қапсырмалар толығымен аң стилінде жасалған. Мәселен арнайы үлкейткіш құралдармен қарағанда онда бұғы бейнесі байқалған.

Жамбыл облысындағы ежелгі металлургияның орталығы ретінде Тараз қаласының маңында Талас өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан Жікіл қаласының аты көп аталады. Алайда бұл қала ғылымға белгісіз күйде қалды. Өйткені бұл қала орнына кейіннен Киров су қоймасы салынып кетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір