• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:33:49
Алматы
+35°

Тараз қаласында Жамбыл облысының 80 жылдығы және Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай өзге этнос өкілдерінің жастары арасында эссе жазудан байқау өтті. Аталмыш шара 2019 жылдың 28 қантарында облыс әкімі бекіткен іс-шаралар жоспарының 26 тармағына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында ұйымдастырылды.

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған байқауға аймақтың жоғарғы оқу орындары мен колледждерден барлығы 60-қа жуық студент қатысты.

Байқау мемлекеттік тілдің маңыздылығын саналы түрде сезіндіре отырып, құрметтеуге тәрбиелеу, отансүйгіштік қасиетін арттырып, еліміздің бәсекеге қабілетті жастар қатарына қосылуына ықпал ету, жастардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділік пен шығармашылық әлеуетін дамытуды мақсат етті.

Байқауға қатысушыларға «Жамбылым – жер жаннатым» тақырыбында 1 сағат ішінде қазақ тілінде 250 сөзден кем болмауы тиіс және ережеде көрсетілген критерийлерге сай эссе жазу талабы қойылды.

Қазылар алқасы жазылған шығармаларды бағалап, байқау нәтежиесін шығарғанша қатысушылар «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенін аралап, мұражай мен Достық үйіне саяхат жасады.

Марапаттау салтанатында Тараз қалалық №44 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәуле Сыдықова сөз алып, бағалау қорытындысын жариялады.

– Қазақ тілінде эссе жазу оңай болмағаны анық. Десе де, ойтолғауды басым көпшіліктеріңіз өте жақсы деңгейде, ережеде көрсетілген критерийлерге сай жазып шықтыңыздар. Қазылар алқасы жазылған эсселерді мұқият тексеріп шықтық. Шығарманың жоғары сауаттылық деңгейі, тақырыптың айқын ашылуы, баяндаудың әдеби стилі және байқау тақырыбына сай болуы сынды басты талаптарға ерекше мән берілді, – деді С. Өменқызы.

Байқау қортындысы бойынша Тараз мемлкеттік педагогикалық университетінен Маргарита Газаева мен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінен Ульфедина Дурсунова І орынды иеленді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды. Қалған қатысушыларға жаппай ынталандыру сыйлықтары және алғыс хаттар табысталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір