• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:50:45
Алматы
+35°

Жастарды дене шынықтыруға тәрбиелеуде президенттік сынамалардың маңызы орасан зор. Осыған орай Байзақ ауданының тұрғындары Сарыкемер ауылының орталық стадионына жиналып, бес спорт түрлерінен президенттік сынама тапсырды.

Айта кету керек, еліміздегі «Халықтардың дене шынықтыру даярлығының президенттік сынамалары туралы» Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы №774 қаулысымен қабылданған болатын. Жалпы, президенттік сынамалар – халықтың оқуға, еңбекке, әскери қызметке дайындығының жалпы жаттығулар жиынтығы болып табылады.

Президенттік тест бойынша спорт түрлерінен ұйымдастырылған аудандық жарыс Қазақстан Республикасының V чемпионатына Жамбыл облысының құрама командасын жасақтау үшін облыстық кезеңге аудан құрамасын іріктеуді көздеді.

– Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін аудандық әкімдіктің бастамасымен біз президенттік сынама тапсыру жарысын өткізіп жатырмыз. Сондықтан, бұл бастаманы ауданның бүкіл жастары мен тұрғындары қолдап, салауатты өмір салтын, спортпен шұғылдануды әр уақытта алдымызға мақсат етіп қоюымыз керек. Яғни, «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру үшін денсаулығы мықты, жоғары білімді жастар қажет. Бүгінгі іріктеу жарысында топ жарған жеңімпаздар арасынан облыстық кезеңге баратын аудан құрамасын жасақтайтын боламыз» - деді сөзінде аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Сағынбек Жүнісбеков.

Президенттік сынамада 18 ауылдық округтен келген екі жүзден астам аудан тұрғындары бес түрлі сынақ тапсырды. Біріншісі ұзындыққа секіру, 30, 60, 100 метр қашықтыққа және 500, 1000 метрге жүгіру, шалқалап жатып денені көтеру, биік кермеге тартылу, 300, 500, 700 граммдық граната мен доп лақтырудан өз мықтылықтарын сынады. 9 жас пен 70 жас аралығында, он бір жас ерекшелігі бойынша өткен аудандық чемпионатта әйелдер мен ерлер бөлек-бөлек сынамалардан өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша 9-10 жас аралығында Ж.Тәкімова, Б.Сәлімжан, 11-13 жас бойынша В. Құдайбергенова мен А.Бекарыс, 14-15 жас ерекшелігі бойынша А.Мұхамеджан, Ә.Ташқарбаев, 16-17 жас аралығында Н. Қайыржанқызы, Т.Нұрбек топ жарды. Ал, 18-23 жаста Б.Ревшенова, А.Алпысбаев, 24-31 жаста И.Баймаханова, А.Септесін, 32-39 жаста А.Ахатов пен С.Турсынбекова, 40-49 жаста Қ.Құлмаханбетов, Д.Бекбосын, 50-59 жас арасында А.Тұрапбаев, Л.Садықова жеңімпаз атанды.

Жоғарыдағы спорт түрлерінен жеңімпаз атанған спортшылардан облыстық іріктеу жарыстарына аудан құрамасы жасақталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір