• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:58:39
Алматы
+35°

Агроөнеркәсіп кешені ел экономикасының негізгі драйвері. Бұл Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтылған басты қадам мен бағыт. Осы орайда Жамбыл облысында көкөніс-бақша, картоп және дәнді дақылдарына басымдылық беріліп, өндірістің көлемі ұлғайтылуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 2019 жылы 14,6 млрд. теңге субсидия қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджеттен – 5,9 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 8,7 млрд. теңге бөлінген.

2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайға 8,0 млрд. теңге бюджеттік қаражат игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 3,0 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 5,0 млрд. теңге.

2019 жылдың 1 қыркүйегіне шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны 70,1 мың бірлікті немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 111,8 пайызды құрады.

"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 2019 жылы 1777,3 млн. теңге бөлінді (республикалық бюджеттен – 21,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 1756,3 млн. теңге). Ағымдағы жылғы 1 қыркүйегіне 1688,8 млн. теңге игерілді.

Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы – бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы дегенде еріксіз ойымызға кең байтақ жеріміз, төрт-түлік малымыз, егінді алқаптарымыз оралады. Елбасымыз өзінің кезекті жолдауында былай деген: Үкіметке «Ауыл – Ел Бесігі» жобасын жүзеге асыру үшін биыл бөлінген 30 миллиард теңгеге қосымшаалдағы үш жыл ішінде 90 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.

Бұл қаражат көлік, ауыз су және газбен қамтамасыз ету сияқты инфрақұрылымдық мәселелерді шешумен қатар, мектеп, аурухана, спорт алаңдарын салуға және жөндеуге жұмсалады.

Қаржының жұмсалуы барлық мемлекеттік органдардың қатаң бақылауында болуы тиіс. Бұл жоспар агроөнеокәсіпті біршама жақсартатыны сөзсіз. Еліміздің дамуына да септігін тигізері хақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір