• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:47:49
Алматы
+35°

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында ет кластерін дамытуға айрықша басымдық берілді. Яғни ҚР Тұңғыш Президенті асыраушы саланы алшаң бастыра отырып, ет кластерін де жүйелі жолға қоюды міндеттеді. Естеріңізде болса, Жамбыл облысы былтыр қозы етін экспорттау бойынша республика көлемінде бірінші орынға шыққан болатын. Биыл да аудандағы жұмыстар көз тоярлықтай, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Атап айтсақ, Талас ауданы 2019 жылдың 8 айында «Меркі ет комбинаты» ЖШС-на 26,7 тонна қозы еті өткізген. Үшарал ауылдық округіндегі «Әден» шаруа қожалығы мал бордақылап, өзінің Тараз қаласындағы (Ташкент көшесінде орналасқан) консервы өңдеу цехында қой, сиыр, жылқы және түйе етін консервлеп жөнелтуде. Сол сияқты, «Ақбас» және «Ынтымақ» шаруа қожалықтары 500 бастық және 1000 бастық мал бордақылау аландар ын салуда. 2020 жылдан бастап малды бордақылау жоспарланып отыр.

Бордақылау алаңдарына бұқашық өткізу 2019 жылдың жоспар 2350 бас болса, бүгінгі күнге орындалуы 342 бас (14,6%) болып отыр. Бұл жұмыс жалғастырылуда.

Ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша

2019 жылдың 8 айында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Қызыләуіт ауылдық округіндегі «Ынтымақ» «Кәусар» шаруа қожалықтары шет елден (Германия) 114 бас етті-сүтті бағытындағы «Cимменталь» тұқымды мүйізді ірі қараның аналық басын әкелді. Сонымен қатар, «Қазына» және «Найза-Қызыл» шаруа қожалықтары шет елден 100 бас етті-сүтті бағытындағы ірі қара малын әкелу жоспарлануда.

Сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша Қаратау қаласында (бұрынғы «Күннұры» балабақшасы) тәулігіне 2 тонна сүт өнімдерін өндіретін (май, қаймақ, ірімшік) цехты ашу мақсатында жеке кәсіпкер «Сержанов» тарапынан жұмыстар жасалуда. Жобаның құны 28 млн. теңгені құрайды. Қазіргі таңда несие алу бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Қызыләуіт ауылындағы «Кәусар» шаруа қожалығы өз қаржысына 200 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салып жатыр. (құрылыс жұмыстары басталған)

Бостандық ауылындағы «Тәжібай» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі биылғы жылы «Ауыл шаруашылығы қолдау қоры» АҚ арқылы несиеге сүт жинайтын танкер және сүт таситын автомашина алып, сүт өнімдерін қайта өңдеу бағытында жұмыстарын жоспарлауда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір