• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:45:49
Алматы
+35°

Жол азабы жолаушыға таныс. Сондықтан мемлекет тарапынан жол сапасын жақсартуға жылда қыруар қаржы қаралады. Ондағы мақсат тақтайдай тегіс жол салып, жолаушылар мен жүргізушілердің қатынауын қолайлы ету. Сондай-ақ жол апаттарының санын азайту. Бұл орайда автомобиль жолдарын орта және ағымдағы жөңдеу жұмыстары көңіл тойдырады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы Жамбыл облысы Талас ауданы аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 587,5 шақырымды құрайды. Оның ішінде: 394,1 шақырым облыстық, 193,4 шақырым аудандық маңызы бар жолдар.

Аудандық маңызы бар «Ақкөл-Талапты» 32 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына 451 млн. 605 мың теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. (Мердігер «Жандос и Ко» ЖШС).

Сонымен қатар, «Қасқабұлақ ауылына кіре беріс» 12 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына 134 млн. 824 мың теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. (Мердігер «Жандос и Ко» ЖШС).

Сол сияқты облыстық мәндегі «Ақкөл-Ойық-Ұланбел» (80-92 шақырым аралығы) 12 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 305 млн. 952 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Мердігер «ЖамбылДорМостСтройСервис» ЖШС-гі. Келісім шарт сомасы 275 млн. 375 мың теңге.

«Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент» (36,3-55,92 шақырым аралығы) 19,62 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 138 млн. 461 мың теңге бөлінді. Аталған нысан ауыспалы. Мердігер «Арайстроймаркет-2003» ЖШС-гі. Келісім шарт сомасы 286 млн. 482 мың теңге. Орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ауылдық округтер бойынша 744 млн. 438 мың теңге (25 жол) және Қаратау қаласы бойынша 404 млн. 538 мың теңге (12 жол), барлығы 1 млрд. 148 млн. 976 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттар дайындалды.

Қаратау қаласында қоғамдық көлік жүргізу мәселесі бойынша аталған мәселе ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келген болатын, ұйымдастыру шараларының нәтижесінде 2018 жылдың сәуір айынан бастап 2 маршрутта №1, №3 автобустар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Ағымдағы жылы үшінші маршрутты қосу жоспарлануда.

Сол сияқты ауылдық округтердегі аудан орталығына қатынайтын қоғамдық көлік мәселесі 100 пайыз шешілген. Алай да қоғамдық көліктерге адам толмауынан кейбір елді мекендердегі қоғамдық көліктер тоқтатылуда.

Әрине жол сапасы жақсарғаннан кейін көлік қатынасы да реттелетіні белгілі. Сондықтан таластықтар тақтайдай тегіс жолмен қатынайтын күні алыс емес.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір