• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:30:23
Алматы
+35°

30 Қыркүйек, 2019 Маңғыстау облысы

Медициналық сақтандыру қорына Маңғыстау 10 млрд теңге аударған

Бүгінгі таңда Медициналық сақтандыру қорына, Маңғыстау облысы бойынша 10 млрд теңге 400 млн теңге шамасында жарна түсті. Бұл – жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, 2019 жылдың 31 тамызына дейінгі уақытта түскен сома. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалы хабарлады.

-Нақтырақ айтқанда, қорға 187,8 млн теңге шамасында жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар аударса, 10 млрд 211,7 млн теңге – жұмыс берушілердің аударымдары.Маңғыстау жарна төлеу бойынша, аймақтар ішінде 6-орында тұр, - дейді «ӘМСҚ» филиалы директорының орынбасары Керимбаева Жанетта Нұрбергенқызы.

Республика бойынша  2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 тамызына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 205 млрд теңгені құрады. Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары көш бастап келеді. Ал Қарағанды облысы үшінші орында тұр.

Айта кетейік, Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі. медициналық сақтандыру

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір