• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:56:10
Алматы
+35°

Жұмыспен нәтижелі қамту – халықты әлеуметтік қамсыздандырудың негізі, адами ресурстар потенциалының дамуы мен іске асырылуының маңызды шарты болып табылады. Осы бағытта ауданда аталмыш реформаны жүзеге асыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – жұмыссыз азаматтар есебінде тіркеуде тұрғандарға ұйымдастырылған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі .

Жамбыл облысы “Nur Otan” партиясы Байзақ аудандық филиалының қолдауымен “Кедергісіз келешек” партиялық жобасы аясында, мүмкіндігі шектелуі жандар мен жұмыс іздеушілерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізуге аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы ұйытқы болды. Аталмыш жәрмеңкеге “Nur Otan” партиясы аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі Қалдыбай Кусемисов, аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Жарқынбек Айтқұлов, ауылдық округ әкімшіліктері және жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер қатысты. Шараны аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Салтанат Абдреева жүргізді.

Жәрмеңкеде жұмыс берушілер тарапынан ұсынылған бос жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарға мамандықтарына сәйкес, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру, бос жұмыс орындарына қажетті құжаттарды рәсімдеу және жолдама берумен орталық мамандары Дидар Сансызбаев, Асель Бактиярова, Маман Олжас айналысса, Айнұр Избасова мүгедектердің квотамен жұмысқа орналасуын ұйымдастырды.

Нәтижесінде жәрмеңкеге қатысқан 8 жұмыс беруші тарапынан бос жұмыс орындарына 9 жолдама берілді. Атап айтқанда, Ғ.Байтасов атындағы тірек мектебіне бір бірлік еден жуушы, “Астана” балабақшасына хореограф, Көктал орта мектебіне күзетші, Н.Киікбаев атындағы мектеп – гимназиясына психолог пен бастауыш сынып мұғалімі, Ғ.Мұратбаев гимназиясына психолог, Ақшолақ орта мектебі мен №4 мектеп – лицейіне бір-бір бірлікпен аула сыпырушылар, психологиялық – педагогикалық түзету кабинетіне бір бірлік психолог жұмысқа берілетін жолдамаға ие болды.

Жұмыспен қамтылған жұмыссыздарға салтанатты түрде жолдамалары табыс етілді. Индикатор көрсеткішімен бекітілген мүгедектерді жұмыспен қамтуға қатыстырудың жылдық жоспары 46 адам болса, жыл басынан қамтылғандар саны 51 адамды құрап, ағымдағы жылдың сегіз айы қорытындысымен меже 110,9 пайызға орындалып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір