• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:56:27
Алматы
+35°

03 Қазан, 2019 NEWS

Әлемнің жарты байлығын 8 адам иеленіп отыр

Qamshy.kz ақпарат агенттігі әлемдегі ең бай сегіз адамның тізімін ұсынады.

Әлемдегі ең бай сегіз адамның кедейлерден 3,6 миллиард ақшасы көп. Бұл туралы  Qamshy.kz ақпарат агенттігі Howmuch.net. ұсынған деректі негізге алып оқырман назарына ұсынады. Графиканың екі жартысы әлемдік байлықтың тең мөлшерін білдіреді. Суреттің жоғарғы жағында жер шарындағы ең бай сегіз адам, ал төменгі бөлігінде адамзаттың кедей бөлігі орналасқан.

Былтырғы есепте Oxfam жалпы байлығы адамзаттың ең кедей жартысынан гөрі 62 миллиардер болғандығы туралы ақпарат берді. Ал жаңартылған мәліметтер бойынша сегіз миллиардер әлемдегі байлықтың тең жартысына ие.

Жалпы адамдар бірігіп 426 миллиард долларға ие болса, олардың әрқайсысы орташа есеппен 53,25 миллиардқа иелік етіп отыр. Сондай-ақ 3,6 миллиард адамның әрқайсысының байлығы бір адамға шаққанда 120 доллардан аз үлесті құрайды.

Жер шарындағы ең бай адамдар клубының бірнеше мүшелері баршамызға мәлім.  Клуб мүшелерінің алтауы – америкалық, біреуі мексикалық және бір испандық.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі әлемдегі ең бай сегіз адамның тізімін  ұсынады:

  1. Билл Гейтс (АҚШ) – Microsoft корпорациясының негізін қалаушы, жердегі ең бай адам (жеке байлығы 75 миллиард доллар).
  2. Амансио Ортега (Испания) – Еуропадағы ең бай адам, 77 елдегі Zara киім дүкендерінің желісінің негізін қалаушы (67 миллиард доллар).
  3. Уоррен Баффет (АҚШ) – инвестор, Berkshire Hathaway холдингімен әйгілі (60,8 млрд доллар).
  4. Карлос Слим – (Мексика) негізінен Латын Америкасында жұмыс істейтін (50 миллиард доллар) ірі байланыс компаниясы America Movil-мен табыс тапты.
  5. Джефф Безос (АҚШ) – Amazon компаниясының негізін қалаушы, ең ірі онлайн-сауда гиганты (45,2 млрд доллар).
  6. Джефф Безос(АҚШ )– 2004 жылы ең танымал Facebook әлеуметтік желісін құрды ($ 44,6 млрд).
  7. Ларри Эллисон (АҚШ )– Oracle бағдарламалық жасақтама алпауытының негізін қалаушы (43,6 млрд доллар).
  8. Майкл Блумберг (АҚШ) – Bloomberg LP қаржылық және медиа алыптың негізін қалаушы, Нью-Йорктің мэрі болды (40 млрд доллар)
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір