• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:43:48
Алматы
+35°

Әділетті салық салу жүйесі және тиімді қаржылық реттеу-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басты бағыттың бірі. Бұл тұрғыда Президент: «Жалпы ішкі өнім мен халық табысының артуына қарамастан, қоғамдағы мүліктік жіктелу үдерісі сақталып отыр, тіпті күшейіп барады.

Бұл – алаңдатарлық фактор. Сондықтан оған ерекше назар аудару керек. Ұлттық табыстың әділ бөлінуіне баса мән бере отырып, салық жүйесін жаңғырту қажет деп санаймын» деп атап көрсетіп, Үкіметке нақты міндеттер жүктеді.

Жамбыл облысындағы Қордай ауданында мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық және басқа да міндетті төлемдер бойынша жалпы салық түсімі 4131,9 миллион теңгеге жоспарланса, нақты орындалғаны 4820,4 миллион теңгені құрап отыр. Яғни жоспар 688,5 миллион теңгеге артық орындалып, 116,7 пайызды межеледі.

2019 жылға Қордай ауданының нақтыланған жалпы бюджетінің кіріс көлемі 21 267 929,0 мың теңгені құраған. Оның ішінде аудандық бюджет 20 679 382 мың теңге болса, ауылдық бюджет 2393050,0 мың теңге көлемінде. Ал аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 21 563 216 мың теңгені құраған.

Сонымен қатар биылға аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 16 613 168 мың теңгеге бекітілген. Дегенмен 2019 жылдың нақтыланған бюджетімен салыстырғанда сома 4 066 214 мың теңгеге ұлғайып, 20 679 382 мың теңгені құрайды.

2019 жылға аудандық бюджеттің бекітілген өзіндік кірістерінің жоспары 2 255 173 мың теңге жыл басынан бекітілген жоспардан 41 500 мың теңгеге ұлғайып, 2 296 673,0 мың теңгені құрады.

Аудандық бюджеттің бекітілген шығыс бөлігі 16 613 168 мың теңге нақтыланған бюджетімен салыстырғанда 4 341 527 мың теңгеге ұлғайып, 20 954 695 мың теңгені құрады.

Халық саны 2 000-нан асатын 16 ауылдық округтердің 2019 жылға бекітілген бюджеті 1 954 408 мың теңге болса, нақтыланған бюджет 2 393 050 мың теңгені құраған. Ал 2019 жылға ауылдық округтердің шығыс көлемі 2 485 927 мың теңге көлемінде қалыптасып отыр.

Жалпы, бүгінде аудан бюджетінің шығыс бөлігі жоспардағы 13029,3 миллион теңгенің 12941,0 миллион теңгесі немесе 99,2 пайызға игерілді. Бекітілген межедегі индикатор 98 пайызға жоспраланып, нақты орындалуы 1,2 пайызға артқан. Ал ауылдық округтер бюджетінің шығыс бөлігі жоспардағы 1608,6 миллион теңгенің 1593,8 миллион теңгесі немесе 99,1 пайызға игеріліп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір