• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:00:06
Алматы
+35°

Құқық қорғау жүйесін толық реформалау – аса маңызды міндеттердің бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында осы бағыттағы жұмыстарға баса назар аударды. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы: «Полицияның мемлекеттік күштік құрылымындағы бейнесі бірте-бірте өзгеріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға қызмет көрсететін органға айналады.

Ең алдымен, 2020 жылдың аяғына дейін Әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта ұйымдастыру қажет. Мұны науқаншылдыққа айналдырмай, сапалы жүргізген жөн.

Полицейлер жұмысының тиімділігі полиция қызметінің беделді болуына байланысты.

Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы үш жыл ішінде 173 миллиард теңге бөлінеді.

Бұл қаражат еңбекақыны көбейтуге, баспананы жалға алуға, халыққа қызмет көрсету қағидаты бойынша полицияның заманауи фронт-офистерін ашуға жұмсалады» деп атап көрсетті.

Жолдау жүктеген міндеттер Жамбыл облысының Қордай ауданында қалай жүзеге асуда? Аудан әкімдігі берген ресми мәліметтерге сүйенсек, ағымдағы жылдың 8 айында жалпы қылмыстардың тіркелуі 493 оқиғаны құраған. Ал бұл өткен жылдың есепті кезенімен 2 қылмысқа төмендеген. Сонымен қатар аса ауыр қылмыстар 20 пайызға, ауыр қылмыстар 48,6 пайызға, орта дәрежедегі қылмыстар 6,5 пайызға төмендеген. Қылмыстың ашылуы 69,5 пайыз болып қалыптасып, өткен жылдың сәйкес жылымен салыстырғанда 4 пайызға артып отыр.

Жалпы келісімдерде 2 индикатор жоспарланып, 1 индикатор орындалмауда, яғни бекітілген межеге сәйкес 100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан 39 адам қайыс болған. Көрсеткіш 2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 31 жол көлік оқиғаларға немесе 36 қаза болған адамға ұлғайған. Индикатордың орындалмау себебі ретінде көлік жүргізушілердің кінәсінен Республикалық маңызы бар жолдарда жол көлік оқиғалары санының ұлғаюы көрсетілуде. Дейтұрғанмен бұл бағытта нақты шаралар қолға алынуда. Жолдан жүктелеген міндеттердің аясында жүзеге асатын жүйелі жұмыстардың көп ұзамай өз жемісін беретіндігіне сенім мол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір