• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:12:04
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында маңызды бағыттар қатарында білім беру сапасын жақсартуға да назар аударғаны белгілі. Бұл тұрғыда Президент «Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет.

Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс.

Экономикамызда техника саласының мамандарына сұраныс өте жоғары, бірақ мүмкіндіктер аз. Кәсіпорындар тиісті мамандарды шетелден шақыруға мәжбүр. Осындай келеңсіз жағдайды жедел түзетуіміз керек.

Қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасы алшақтап барады.

Негізгі мәселе – ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы.

Сондықтан, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамындеп атап көрсетті.

Білім беру сапасын арттыру бағытында мектепке дейінгі мекемелерге де артылатын жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Жылдың басты құжатында айқындалған міндеттер аясында Тараз қаласында да жұмыр жоспар түзіліп, жүйелі жұмыстар жандана түсуде.

Қазіргі таңда көне шаһарда 64 мемлекеттік және 69 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызмет атқарады. Бүгінде онда 19 451 бала тәрбиеленуде. Осы орайда 1 мен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім беру, тәрбиемен қамту 79,6 пайыз болса, 3 пен 6 жас аралығындағы баларды қамту 98,0% пайызды құрайды. Өткен жылға қарағанда әжептеуір ілгерілеу бар.

Жалпы мектепке дейінгі мекемелердің ішінде 69 жекеменшік ұйымдарында 6032 бала тәрбиеленуде. Бұл 31,0 пайызды құрайды. Ал кезекке тіркелген балалар саны 18177. Оның ішінде 3-6 жастағылары – 392 бала. Дейтұрғанмен жергілікті билік тарапынан бұл бағытта нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Мысалы, 2019 жылға 1454 орын жоспарланса, нақтылы кезеңде 1534 орын ашылып отыр. Яғни, жоспар 80 орынға артық орындалған.

Сонымен қатар осы мақсатта мемлекеттік білім беру тапсырыстарынан бөлек, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің тетіктері іске асырылатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір