• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 22:33:47
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

15 Қазан, 2019 NEWS

"Талаптар орындалмай отыр"

Бір жылдан бері жалақысын алмаған жұмысшылар ереуілге шықты

Алматы қаласының әкімдігі ереуілге шыққан жұмысшыларға қатысты түсініктеме берді, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҚР СІМ Алматы қалалық мобильді басқармасының хабарлауынша, оқиға Рысқұлов даңғылы мен Емцова көшесінің қиылысында жол айырығын салып жатыр «Рязанов атындағы № 25 Мостостроительный» ЖШС жайында болып отыр.

Мердігердің айтуынша, қазіргі уақытта олардың жұмысшыларға берешегі бар. Тапсырыс беруші тарапынан (Алматы қалалық мобильді басқармасы) нақты орындалған жұмыс үшін төлем толығымен төленді және мердігер алдында қарызы жоқ. Сондай-ақ Алматы әкімдігінің Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының еңбек қауіпсіздігін бақылау бөлімінің басшылары жұмысшылармен кездесіп оларға еңбек заңнамасы бойынша ақпарат берді.

«Рысқұлов пен Емцов көшесінің қиылысындағы көпір құрылысын «Рязанов атындағы № 25 Мостостроительный» ЖШС жүргізуде. Серіктестік 32 жұмысшыға жалақы төлемей отыр. Олардың берешегі 18,3 млн теңгені құрады. Осы факті бойынша Алматы облысының еңбек инспекциясы жоспардан тыс тексеру жүргізген. Жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұзушылықтарды жою туралы ескерту берілді. Алайда бүгінге күнге дейін талаптар орындалмай отыр. Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына ҚР ҚК-нің 152-бабы бойынша шешім шығару үшін жіберілді, – деп хабарлады әкімдіктен.

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір