• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 05:33:41
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

18 Қазан, 2019 NEWS

Нұрсұлтан әуежайының коды қашан өзгертіледі?

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының үш әріптік кодын өзгерту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 14 қазанында Варшава қаласында (Польша) ИАТА-ның барлық мүшелерінің қатысуымен Жолаушылар тасымалы стандарттары (Passenger Standards Meeting) бойынша кеңес өтті, оның барысында Нұр-Сұлтан (TSE) қаласы әуежайының үш әріпті кодын өзгертуге мүмкіндік беретін ИАТА ұйымының 763 қарарына өзгерістер енгізу бойынша қазақстандық бастама қолдау тапты.

Қазіргі уақытта астаналық әуежайдың жаңа кодының бірнеше нұсқасы қарастырылуда және соңғы нұсқасы талқыланып жатыр.

763 қарарды өзгерту рәсімі белгілі бір уақытты талап етеді және өзгерістер 2020 жылдың қаңтарында күшіне енеді деп күтілуде. Осыдан кейін ИАТА кодының соңғы нұсқасы бекітіледі.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір