• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қараша, 03:36:32
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

20 Қазан, 2019 Спорт

Жалғас Жұмағұлов чемпиондық титулын қорғап қалды (видео)

Ресейдің Сочи қаласында аралас жекпе-жектен Fight Nights Global 95 турнирі өтті.

Жалғас Жұмағұлов пен Әли Багаутиновтың арасындағы жекпе-жек қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оның басты жекпе- жегі қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (12-3) пен ресейлік Әли Багаутиновтың (19-6) арасында өтті. Бәске Жұмағұловқа тиесілі Fight Nights Global чемпионы титулы тігілді. Бес раундқа есептелген жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Жұмағұлов жеңіске жетті.

Осылайша Жалғас Жұмағұлов өзінің чемпиондық титулын сәтті қорғап, кәсіби карьерасындағы он үшінші жеңісіне қол жеткізді. Ал бұрын UFC-де бағын сынаған ресейлік спортшы жетінші рет жеңіліске ұшырады.

Әли Багаутиновтың төрешілердің шешіміне көңілі толмады.

"Негізі мамандардың барлығы да менің жеңгенімді айтып жатыр. Төрешілердің шешімімен дауласпаймын, бірақ біз менің командаммен бірге апелляцияға береміз. Қалай болатынын көре жатармыз. Менің жекпе-жегім үшін қаншама ақша тігілді. Мүмкін, Жалғасқа жанкүйер болғандар көп ақша жеңіп алған болар. Бұл қаражатты олар қайырымдылыққа, мұқтаж балаларға мен науқастарға берсін", - деді Багаутинов.

 

 

Ілмек сөздер: жалғас жұмағұлов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір