• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 01:15:37
Алматы
+35°

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2020 жылға дейін Қазақстан халқының кем дегенде 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту міндетін белгілеуі, дене шынықтыру мен спорттың адам өміріне деген маңызын барынша күшейтіп отырғандығы белгілі.

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011–2016 жылдарға салалық бағдарламасында да 2020 жылға қарай саламатты өмір салтын серік еткен азаматтардың санын 30 пайызға жеткізу көзделген болатын. Осы орайда Жамбыл облысындағы Сарысу ауданында да нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Оған спортпен шұғылданушылар көрсеткішінің жылдан жылға артып келе жатқандығы дәлел бола алады.

Бүгінде ауданда 173 спорт нысаны бар. 1 жеке меншік стадион Жаңатас қаласында орналасқан. Жаңатас қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 1 спорт кешені жұмыс істейді. Ал спорт алаңшаларының саны – 103. Оның 29-ы Жаңатас қаласында .Сондай-ақ 25 футбол алаңы, 30 спорт зал қызмет көрсетуде.

Тұрғындардың спорт нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында жоғарыда көрсетілген нысандардың ішінен тұрғындарды қабылдау мүмкіндігіне қарай аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан талдау жұмыстары жүргізіліп, 173 спорт нысан белгіленген. Оларда аудан тұрғындары тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы үшін кесте жасалдып қойылған Соның ішінде Жаңатас қаласы бойынша – 53, ауылдық округтерде – 119 нысан бар. Осы нысандарда тұрғындардың шұғылдану кестесі аудандық ақпарат құралдарында жарияланып тұрады.

Осындай оңды істердің нәтижесінде бүгінгі таңға дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың саны – 12947 адамға жеткен. Бұл жегілікті халықтың 29,3 пайызын көрсетеді.

-Орта мектеп оқушыларының дене тәрбиесі желісі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласының 15-тапсырмасын іске асыру мақсатында аудан көлемінде өткен оқу жылында 87 мектептен тыс спорт секциялары тіркелді. Балалар мен жасөспірімдер жалпы санына қатысты 7 мен 18 жас аралығында балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту ауданда 2019 жылдың 6 айы бойынша 8 652 баланы құрайды. Оның ішінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылар саны - 7 804. Осы оқушылардың ішіндегі спорт мектептерінде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатыны 2 521 баланы немесе 32,3 пайызды құрайды,-дейді аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Саят Бегалиев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір