• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 04:57:43
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

23 Қазан, 2019 NEWS

Назарбаеваны халықаралық форумға төраға ретінде ұсынды

Валентина Матвиенко Дариға Назарбаевамен кездесу барысында сенат спикеріне беделді халықаралық жиында тең төраға болуды ұсынды

Сенат спикері Дариға Назарбаеваға Мәскеу сапары барысында 2021 жылы өтетін III Еуразиялық әйелдер форумында тең төраға болу ұсынылды.

"Валентина Матвиенко 2022 жылы Ресейде өтетін Дінаралық және этносаралық диалог жөніндегі дүниежүзілік конференцияны дайындау жөнінде бірлескен жұмыстарды бастауды ұсынды, сондай-ақ Дариға Назарбаеваны 2021 жылы өтетін үшінші Еуразиялық әйелдер форумының тең төрағасы болуға шақырды", – деп парламенттің жоғарғы палатасының баспасөз қызметінің баяндамасында жазылған.

Еуразиялық әйелдер форумы – қазіргі қоғамдағы әйелдер рөлін талқылауға арналған ірі беделді халықаралық алаң. Шара ұйымдастырушылары - федералдық жиналыстың федерация кеңесі мен ТМД-ға мүше мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы.

Кездесу барысында Валентина Матвиенко Ресей мен Қазақстанның достық және одақтастық қатынастары екі мемлекеттің дамуында маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ  Д.Назарбаева В.Матвиенкоға I дәрежелі "Достық" орденін табыс етті.

 

 

 

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір