• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 16:41:44
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

30 Қазан, 2019 NEWS

Полиция подполковнигі сотталды

Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірнеше мәрте пара алды деген күдік бойынша Қостанай қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Байжановқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Ол Кравчуктың көмегімен Манукян, Гребенюк, Егиазарян, Закоян мен Махмадовтан жалпы қамқорлығы, шетелдіктерді кедергісіз тіркеу мен оларға елде тұруға ықтиярхат рәсімдеу үшін 3 миллион 10 мың теңге сомасында жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді",  – деп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Байжанов 6 жылға сотталды. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу және арнайы атақ-шен алу құқығынан өмір бойына айырылды.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір