• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:08:15
Алматы
+35°

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің мәжіліс залында гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ұйымдастырумен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Асыл сөздың алдаспаны» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Шараға оқу орнының оқытушылармен студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

Апталықты оқу орынының ректоры Ержан Әмірбекұлы ашып, жастарды ақынның шығармашылығын насихаттауға белсенді атсалысуға шақырды.

– Ұлы ақынның мерейтойына орай университет қабырғасында бір апта бойы түрлі бағытта іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, Абайды таныған сайын, жаңа ілімге, жаңа көзқарасқа қол жеткізетініміз рас. Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс. «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары, Абай мұрасы – қазақтың қасиетті қазынасы» деп Елбасымыз айтқандай, дана бабамыздың 175 жылдығын абыроймен атап өту әрбірімізге үлкен міндет. Бұл шара университет студенттерінің Абай өмірі мен шығармашылығына деген танымдық қызығушылығын ынталандырып, Абай мұрасы арқылы қазақ тілінің көркемдік қазынасын, сөз өнерінің бейнелілігі мен байлығын танытып, жастардың арасынан талантты студенттерді анықтап, олардың шығармашылық әлеуетін ашатынына сенімім мол,-деді Ержан Әмірбекұлы.

Мұнан соң Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Гүлнұр Болатбекқызы бастаған ұжым Абай өлеңдерін оқудан арнайы бейнематериал түсіріп, Тараз мемелекеттік педагогикалық университетіндегі өзге де жоғары мектептерге эстафета жолдады. Сонымен бірге абайтанушы Мекемтас мырзахметұлының сұхбатынан үзінді көрермендерге ЛЭД экран арқылы көрсетілді. Студенттердің қатысуымен өткен арнайы қойылымды көрермендер ыстық ықыласпен қабылдады. Апталық аясында кураторлық сабақтар, Абай өлеңдерін оқудан арнайы инстабайқаулар мен эссе жазу сайыстары, мектеп оқушылары арасында «Абай әлемі» атты зияткерлік сайыстар және арнайы көрме, ашық микрофон айдарлары ұйымдастырылмақ. Шара соңында оқытушылар мен студенттер университет қабырғасынан Абай Құнанбайұлына ашылған кабинетпен танысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір