• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:04:23
Алматы
+35°

«Мойныңдағы тұмарыңдай табиғат, тозса егер тозатының ақиқат» дейді қазақ даналығы. Ақиқатына келгенде қоршаған ортаны аялап ұстау бәріміздің азаматтық парызымыз. Жамбылдық үкіметтік емес ұйымдар осы қағидатты берік ұстанып, қыруар тірлік атқаруда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Экологиялық ағарту және насихаттау шараларды жүргізу" мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде "Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде экологиялық тәрбие беру мақсатында "Табиғат - ананы бірге қорғайық!" тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға 100-ден астам жастар қатысты. Семинарға қонақ ретінде Тараз "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің директордың орынбасары Есіркепов Абзал Есенұлы шақырылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Экологиялық ағарту және насихаттау шараларды жүргізу" мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде "Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен, Абай атындағы гуманитарлық колледжінде де экологиялық тәрбие беру мақсатында "Табиғат - ананы бірге қорғайық!" тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға 100-ден астам жастар қатысты. Мұнда да семинарға қонақ ретінде Тараз "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің директордың орынбасары Есіркепов Абзал Есенұлы шақырылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Экологиялық ағарту және насихаттау шараларды жүргізу" мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде "Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен, Жамбыл индустиалдық-техникалық колледжінде де экологиялық тәрбие беру мақсатында "Табиғат - ананы бірге қорғайық!" тақырыбында семинар болды. Семинарға 100-ден астам жастар қатысты. Семинарға қонақ ретінде "Ақ-Сұңқар" жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбдиев Еркін Қайырбекұл шақырылды.

Семинар барысында арнайы әзірленген бейнеролик көрсетіліп, пікір-ұсыныс алмасылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір