• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 06:28:25
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

19 Қараша, 2019 Аймақтар

Медициналық нысандармен қамту көрсеткіш 100 пайызға орындалады

Алғашқы медициналық–санитариялық көмектің қол жетімділігін арттыру денсаулық сақтау саласы бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тапсырған межелі міндет саналады. Аталған тапсырманы Жамбыл облысында өз деңгейінде орындау мақсатында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, жамбылдықтардың медициналық нысандарға деген сұранысы жыл соңына дейін толықтай қанағаттандырылмақ, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жергілікті жерде облыс әкімінің бастамасымен жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде өңір тұрғындарына әлі 95 медициналық нысан қажеттілігі анықталды. Өткен жылы осы нысанның 39-ы пайдалануға беріліп, белгілі бір деңгейде тұрғындардың қажеттілі өтелген болатын. Оның ішінде 29 нысанның мәселесі мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында шешімін тапты. Ал 1 нысан сатып алынып, 9 нысан бюджет есебінен соғылды. Бұл жұмыстарға былтыр облыстық бюджеттен 1 миллиард 300 миллион теңге бөлінген болатын. Сәйкесінше бұл қаржыны мақсатты игеру нәтижесінде облыстың шалғай елдімекендерінде жаңа медициналық мекемелер пайдалануға берілді. Сол арқылы басы ауырып, балтыры сыздаған ауыл тұрғындары ауылынан ұзамай сапалы медициналық көмек алу мүмкіндігіне қол жеткізді.

Биыл да дәл осы жүйе арқылы елді мекендердің 65 медициналық мекемеге сұранысы өтелмек. Нәтижесінде өңір тұрғындарының медициналық нысандармен қамту көрсеткіші 100 пайызға теңеседі. Сала мамандарының шешімімен денсаулық нысандарының құрылыс жұмыстарының мерзімін 7 жылдан 2 жылға қысқартылды. Сондай-ақ оңтайландыру шарасы арқылы нысан құрылысына жұмсалатын 4 миллиард 200 миллион теңге қаржы да үнемделді.

Сонымен қатар Тараз қаласында бой көтеріп жатқан жаңа 14-шағын ауданның аумағындағы 200 төсектік онкологиялық диспансердің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы сомасы 13 миллиард 900 миллион теңге қаржы жұмсалған диспансер 2021 жылы пайдалануға берілмек.Алдын ала болжам бойынша бұл бірегей нысан онкология саласында сапалы медициналық қызмет көрсететін әмбебап кешенге айналмақ. Мұнда онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілетін болады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір